KAZISLAM – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Мәжит Хамидұлы Айтқожаев «Халал Даму» ЖШС-нің Маңғыстау өңіріндегі жауапты өкілі  болып тағайындалды.

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Мәжит Хамидұлына алдағы атқарар жұмыстарында сәттілік тілеп, жаңа қызмет орнында жемісті еңбек атқаруына тілектестік білдіре отырып, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.

Айта кетейік, Мәжит Хамидұлы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауылдық «Миғраж» мешітінің наиб имамы қызметін бірге атқарады.

Пікір жазу