Рамазан айында Палестина мен Израиль Газа секторында соғысты тоқтату туралы келісімге келді, деп хабарлайды Islam Today.

 The Jerusalem Post басылымының мәліметінше, қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісім сағат 4:30-да күшіне енген. Израиль әскерилері Газа аудандарының тұрғындарына қойылған шектеулерді алып тастады.

Еске сала кетсек, 4 мамыр күні Газа секторы аумағынан 40 шақырым қашықтықта қауіпсіздік жөніндегі арнайы ереже енгізілді: мектептерде сабақ тоқтатылып, бір орында 300-ден аса адамның жиналуына тыйым салынған болатын. Израиль әскерилерінің мәліметінше, соңғы бірнеше күнде Газа секторынан Израиль тарапына 700 ракеті ұшырылған, Израильден жауап ретінде палестиналық қарулы топтардың 350 әскери нысанына соққы жасалған. Қарулы қақтығыстан 4 израильдік және 19 палестиндік азамат қаза тапты. Қаза болғандардың басым бөлігі бейбіт тұрғындар.