Филиппин үкіметі жұма күні ел президенті Родриго Дутерте терроризм қаупіне қарсы іс-қимылды күшейтуге арналған 2020 жылғы терроризммен күрес туралы Заңға қол қойды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. 

Филиппин президентінің баспасөз хатшысы Гарри Рок терроризм ұзақ уақыт бойы Филиппин халқына шексіз қайғы мен қорқыныш әкелгенін, ал жаңа заңға қол қойылғаны елдің бұған жол бермейтінің көрсетеді. Ол жаңа құжат елдің терроризмге қарсы тұру қабілетін тиімді арттыратынын атап өтті.

Көптеген жылдар бойы Филиппин терроризмнен қатты зардап шеккен. Қазіргі уақытта ел аумағында бірнеше қарулы топтар әрекет етеді. 2017 жылы «Ислам мемлекетіне» (ҚР тыйым салынған ұйым) адалдыққа ант берген «Әбу Сайяф» және «Мауте» экстремистік ұйымдары Филиппинның оңтүстігіндегі Марави қаласын басып алды, жергілікті тұрғындарды кепілге алып, әскери полициямен шайқасты. Бес айлық қақтығыстардың салдарынан жүздеген мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ  «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жаңа мамандармен толықты

Бұрын заңды Филиппин Парламентінің екі палатасы да мақұлдаған. Заңда тек террористік шабуылдар ғана емес, сонымен қатар кез-келген ұсыныстар, арандату,сөз байласу және террористік іс-әрекетке қатысу, содырларды даярлау,террористік шабуылдарды  дайындау және насихаттау, террористерге материалдық қолдау көрсету және террористік ұйымдардың мүшелерін жалдауға көмектесу заң бұзушылық деп саналады.

Пікір жазу