Бұл екі сүре екі кезеңде (Мекке мен Мәдинада) түссе де олардың мазмұндық байланысы таңдай қақтырады. Ендеше, аталған екі сүренің арасындағы ғажап байланысқа тоқталайық.
1. Тура жол
«Фатиха» сүресіндегі «اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ» – «Бізді тура жолға сала көр!» деген аятта тура жол туралы айтылған. Бұған байланысты «Бақара» сүресінің алғашқы аяты тура жол қандай екенін және оған жету үшін не істеу керектігі былай баяндалады: «ذَلِكَ الْكِتَابُ لَا رَيْبَ فِيهِ هُدًى لِلْمُتَّقِينَ» – «Міне, сол Кітап – ешбір күдіксіз тақуалар үшін тура жол көрсетуші». Яғни, біз «Фатиха» сүресінде Алладан тура жолға салуды сұрап едік сәйкесінше, келесі «Бақара» сүресінде сол тура жолға жетелеуші «Кітап» (Құран) екенін айтып отыр.
2. Үш топ
«Фатиха» сүресінің «صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّالِّينَ» – «Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес» деген аятында үш түрлі топтағы адамдар туралы айтылған. Олар:
1. «Нығметке бөленгендер» – Алланың бізге дейін жіберген елшілері (а.с.)
2. «Ашуға ұшырағандар» – Аллаға қарсы келгендер.
3. «Адасқандардың» – мұнафық – екіжүзділер.
Осы аты аталған үш топ туралы келесі мәдиналық «Бақара» сүресінде олардың кім екендігі туралы толығымен баяндалып кеткен. Бұл «Фатиха» сүресінің меккелік бола тұра өзінен бірнеше жылдан кейін Мәдинада түскен «Бақара» сүресімен тығыз байланысы бар екенін көрсетеді. Мәселен:
«Фатиха» сүресіндегі бірінші топ, яғни, Алланың нығметіне бөленгендер туралы «Бақара» сүренің алғашқы 3-5-ші аяттарында былай сипатталады: «الَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِالْغَيْبِ وَيُقِيمُونَ الصَّلَاةَ وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنْفِقُونَ (3) وَالَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِمَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ وَمَا أُنْزِلَ مِنْ قَبْلِكَ وَبِالْآخِرَةِ هُمْ يُوقِنُونَ (4) أُولَئِكَ عَلَى هُدًى مِنْ رَبِّهِمْ وَأُولَئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ» – «Сондай олар көмеске (ғайб әлеміне) иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Аллаһ жолында) сарп етеді (3). (Мұхаммед с.а.у) олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрынғы түсірілген (Кітаптарға) және ақыретке иман келтіреді (4). Міне солар Раббылары тарапынан тура жолда және солар құтылушылар».
Екінші Алланың ашуына ұшырағандар тобы туралы «Бақара» сүресінің 6-7-ші аяттарында айтылған: «إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا سَوَاءٌ عَلَيْهِمْ أَأَنْذَرْتَهُمْ أَمْ لَمْ تُنْذِرْهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ (6) خَتَمَ اللَّهُ عَلَى قُلُوبِهِمْ وَعَلَى سَمْعِهِمْ وَعَلَى أَبْصَارِهِمْ غِشَاوَةٌ وَلَهُمْ عَذَابٌ عَظِيمٌ» – «(Мұхаммед с.а.у.) Расында қарсы келген кәпірлерді үгіттесең де үгіттемесең де бәрібір олар иман келтірмейді (6). Алла олардың жүректерін, құлақтарын бітеген, әрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ, олар үшін үлкен азап бар».
Үшінші топ яғни, адасқан мұнафық екі жүзділер туралы «Бақара» сүресінің 8-9-шы аятында былай келеді: «وَمِنَ النَّاسِ مَنْ يَقُولُ آمَنَّا بِاللَّهِ وَبِالْيَوْمِ الْآخِرِ وَمَا هُمْ بِمُؤْمِنِينَ (8) يُخَادِعُونَ اللَّهَ وَالَّذِينَ آمَنُوا وَمَا يَخْدَعُونَ إِلَّا أَنْفُسَهُمْ وَمَا يَشْعُرُونَ» – «Адамдардың кейбіреулері екі жүзді (мұнафықтар) «Аллаға және ақырет күніне иман келтірдік» дейді. Бірақ олар ақиқатында иман келтірмейді (8). Олар (өздерінше) Алланы және иман келтіргендерді алдайды. Бірақ олар өздерін ғана алдап жатқандарын сезбейді».
Осы секілді екі сүредегі аяттар арасындағы байланыс мысалдары Құранның көптеген басқа да сүрелерінде де кездеседі.
3. «Бақара» «Фатиха» сүресін толықтырушы
А– «Фатиха» сүресіндегі «الْحَمْدُ لِلَّهِ» – «Барлық мақтау Аллаға» деген аят «Бақара» сүресінде Аллаға деген шүкіршілік пен дұға тілеуді білдіреді. Бұған байланысты «Бақара» сүресінің 186-шы аятында былай делінеді: «أُجِيبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ إِذَا دَعَانِ» – «Егер құлдарым Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе тілеушінің тілегін қабыл етемін», 286-шы аятта: «رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَا إِنْ نَسِينَا أَوْ أَخْطَأْنَا رَبَّنَا وَلَا تَحْمِلْ عَلَيْنَا إِصْرًا كَمَا حَمَلْتَهُ عَلَى الَّذِينَ مِنْ قَبْلِنَا رَبَّنَا وَلَا تُحَمِّلْنَا مَا لَا طَاقَةَ لَنَا بِهِ» – «Раббым! Егер ұмытсақ не жаңылсақ бізді жарылқа. Раббым! Бізге бізден бұрынғыларға жүктегеніңдей ауыр жүк жүктеме. Раббым! Бізге шамамыз келмейтін жүкті артпа! Бізді кешір, бізді жарылқа, бізге рахым ет!», делінген. Ал, шүкіршілікке байланысты 152-ші аятта: «فَاذْكُرُونِي أَذْكُرْكُمْ وَاشْكُرُوا لِي وَلَا تَكْفُرُونِ» – «Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкіршілік қылыңдар бірақ, қарсы келмеңдер» делінген.
Ә- «Фатиха» сүресіндегі «رَبِّ الْعَالَمِينَ» – «Бүкіл әлемнің Раббысы» деген аят «Бақара» сүресінің 21-ші аятында былай баяндалған: «اعْبُدُوا رَبَّكُمُ الَّذِي خَلَقَكُمْ وَالَّذِينَ مِنْ قَبْلِكُمْ» – «Сондай сендерді және сендерден бұрынғыларды жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар». Сондай-ақ, 29-шы аятында «Әлемнің Раббысы» нендей Құдірет Иесі екендігі былай сипатталады: «هُوَ الَّذِي خَلَقَ لَكُمْ مَا فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا ثُمَّ اسْتَوَى إِلَى السَّمَاءِ فَسَوَّاهُنَّ سَبْعَ سَمَاوَاتٍ وَهُوَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ» – «Ол сондай Алла жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты. Сонан кейін истиуа (истиуа – сөзінің нақты мағынасы Аллаға ғана тән) жасап оны жеті қабат көк етіп ретке келтірді. Ол әр нәрсені толық білуші».
Б– «Фатиха» сүресіндегі «الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ» – «Аса қамқор, ерекше мейірімді», деген Алланың мейірімділігі мен кеңшілігі «Бақара» сүресінің 37-ші аятында былай баяндалады: «فَتَابَ عَلَيْهِ إِنَّهُ هُوَ التَّوَّابُ الرَّحِيمُ» – «Ол тәубені қабыл етуші әрі ерекше мейірімді», 52-ші аятында Мұсаның (а.с.) қауымы Алла Тағалаға қаншалықты қарсы келсе де Жаратушы оларды кешіргендігін былай айтады: «ثُمَّ عَفَوْنَا عَنْكُمْ» – «Сонан кейін де сендерді шүкірлік етер деп кешірім еттік», 64-ші аятында: «فَلَوْلَا فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ لَكُنْتُمْ مِنَ الْخَاسِرِينَ» – «Сендерге Алланың кеңшілігі мен мейірімі болмаса әлбетте зиянға ұшыраған болар едіңдер», делінеді. Бұған қоса, Алла Тағала өзі жайлы 163-ші аятты былай сипаттайды: «وَإِلَهُكُمْ إِلَهٌ وَاحِدٌ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الرَّحْمنُ الرَّحِيمُ» – «Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Одан басқа eшбip Тәңip жоқ. Ол аса қамқор, ерекше мейірімді». Бұған қоса, Алла Тағала біздерге дұға жасаудың әдебін Өзінің рахымды сипатын айтып жасау керектігін 286-шы аятында былай ескертеді: «وَاعْفُ عَنَّا وَاغْفِرْ لَنَا وَارْحَمْنَا» – «Раббым! бізді кешір, жарылқа және бізге рахым ет!». Осы аяттардың барлығы дерлік «Фатиха» сүресіндегі «Аса қамқор, ерекше мейірімді» деген аятын толықтырып тұр.
В– «Фатиха» сүресіндегі «مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ» – «Қиямет күнінің иесі» деген аятқа байланысты «Бақара» сүресінде қиямет жайлы бірнеше аяттар айтылған. Солардың бірі 284-ші аятта былай делінеді: «وَإِنْ تُبْدُوا مَا فِي أَنْفُسِكُمْ أَوْ تُخْفُوهُ يُحَاسِبْكُمْ بِهِ اللَّهُ» – «Не нәрсе болсын іште жасырсаңдар да жарияласаңдар да Алла Тағала сендерден оның есебін алады».
Г– «Фатиха» сүресіндегі «إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ» – «Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз» деген аяттағы құлшылық сөзінің аясында ислам шариғатындағы міндеттелген барлық құлшылық намаз, ораза, зекет және т.б. секілді амалдар жатады. Осындай амалдардың көбісі дерлік «Бақара» сүресінде толыққанды түрде баяндалып кеткен. Мәселен, 43-ші аятта намаз туралы былай делінген: «وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ وَارْكَعُوا مَعَ الرَّاكِعِينَ» – «Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер». Осындай намазға тұрғандағы құблыға бет бұру амалы да 144-ші аятында былай делінеді: «فَلَنُوَلِّيَنَّكَ قِبْلَةً تَرْضَاهَا فَوَلِّ وَجْهَكَ شَطْرَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ» – « (Мұхаммед с.ғ.с.) Өзің разы болған құбылаға айналдырамыз. Енді жүзіңді (намазда) «Харам» мешітіне бұр. (Ей, мұсылмандар) Қай жерде болсаңдар да жүздеріңді сол жаққа бұрыңдар». Сонымен қатар 183-ші аятта ораза ұстаудың парыз екендігі айтылады: «يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِنْ قَبْلِكُمْ» – «Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз болғандай ораза парыз болды». Ал, сүренің 158-ші аятында қажылық амалы туралы баяндалады: «فَمَنْ حَجَّ الْبَيْتَ أَوِ اعْتَمَرَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْهِ أَنْ يَطَّوَّفَ بِهِمَا وَمَنْ تَطَوَّعَ خَيْرًا» – «Кімде кім үлкен қажылық немесе умра орындаса ол екеуін (Сафа мен Маруаны) тауап етсе жақсы».
Ғ– «Фатиха» сүресіндегі «اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ» – «Бізді тура жолға сала гөр!», деген аятты толықтырушы ретінде «Бақара» сүресінің 142-ші: «قُلْ لِلَّهِ الْمَشْرِقُ وَالْمَغْرِبُ يَهْدِي مَنْ يَشَاءُ إِلَى صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ» – «Шығыс та батыс та Аллаға тән. Ол қалағанын тура жолға салады» деген аят нақты келіп отыр. Сондай-ақ, 213-ші аятында да тура жолға салушы тек бір Алла екені айтылған: «وَاللَّهُ يَهْدِي مَنْ يَشَاءُ إِلَى صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ» – «Алла Тағала қалаған пендесін тура жолға салады».
Д- «Фатиха» сүресіндегі «صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّالِّينَ» – «Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес». Бұл аятқа байланысты «Бақара» сүресінде Алланың нығметіне бөленгендер мен ашуға ұшырағандар туралы толыққанды баяндалған. Мәселен, сүренің 136-шы аятында: «قُولُوا آمَنَّا بِاللَّهِ وَمَا أُنْزِلَ إِلَيْنَا وَمَا أُنْزِلَ إِلَى إِبْرَاهِيمَ وَإِسْمَاعِيلَ وَإِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ وَالْأَسْبَاطِ وَمَا أُوتِيَ مُوسَى وَعِيسَى وَمَا أُوتِيَ النَّبِيُّونَ مِنْ رَبِّهِمْ» – «Біз Аллаға, бізге түсірілген Құранға, Ибраһим, Исмайл, Исхақ, Яқуп а.с. пайғамбарларға, ұрпақтарына және Мұса, Иса а.с. пайғамбарларға берілген нәрселерге (Кітаптарға) сондай-ақ, Алла тарапынан өзге пайғамбарларға түскен нәрселерге иман келтірдік әрі олардың араларын бөлмейміз», деп Алланың нығметіне бөленгендер сипатталған әрі солардың жолына түсу үшін Алланың елшілеріне (а.с.) иман келтіру керектігі айтылған. Егер біз сол өткен пайғамбарларға (а.с.) және оларға түскен Алланың шариғатына толық иман келтіріп, сол жолмен жүретін болсақ онда біздер нығметке бөленгендердің жолын тапқан болады екенбіз. Бұл жайында келесі 137-ші аятта былай баяндалады: «فَإِنْ آمَنُوا بِمِثْلِ مَا آمَنْتُمْ بِهِ فَقَدِ اهْتَدَوْا» – «Егер сендер (мұсылмандар) сенген сияқты (олар) сенсе онда рас тура жол табар еді. Ал, егер олар бет бұрса олар мүлде тура жолдан шыққан болады».
Сонымен қатар біздер осы аталған пайғамбарлардың (а.с.) ешқайсысын бөліп жармай барлығына бірдей иман келтіруіміз міндетті. Бұл жайында 136-шы аятта: «لَا نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدٍ مِنْهُمْ وَنَحْنُ لَهُ مُسْلِمُونَ» – «Олардың (Пайғамбарлардың) араларын айырмаймыз. Бәріне бірдей сенеміз», деп айтылған. Себебі, ақиқаттан адасқан адамдардың мысалы олар Пайғамбарларды (а.с.) бөліп жаратын және өзге пайғамбарларға (а.с.) тіл тигізетін болған. Сол үшін де олар Алланың «ашуына ұшырағандар мен адасқандар» болып саналады.
4. Сүрелердің соңғы аяттары арасындағы байланыс
«Фатиха» сүресінің соңғы аяты: «اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ (6) صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّالِّينَ» деп, мүминдер Алладан тура жолды сұрап ашуға ұшырағандар мен адасқандардың жолынан сақтандыру дұғасымен аяқталған. Сәйкесінше «Бақара» сүресінің соңғы аяты да мүминдер сол ашуға ұшыраған қауымның жолынан сақтанып, олардың қателіктеріне түспеу дұғасымен аяқталған. Бұл «Бақара» сүресінің соңғы 286-шы аятында былай айтылған: «رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَا إِنْ نَسِينَا أَوْ أَخْطَأْنَا رَبَّنَا وَلَا تَحْمِلْ عَلَيْنَا إِصْرًا كَمَا حَمَلْتَهُ عَلَى الَّذِينَ مِنْ قَبْلِنَا رَبَّنَا وَلَا تُحَمِّلْنَا مَا لَا طَاقَةَ لَنَا بِهِ وَاعْفُ عَنَّا وَاغْفِرْ لَنَا وَارْحَمْنَا أَنْتَ مَوْلَانَا فَانْصُرْنَا عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ» – «Ей, Раббым! Бізге бізден бұрынғыларға жүктегендей ауыр жүк жүктеме. Раббым! Бізге шамамыз келмейтін ауыртпалық берме! Бізді кешір, бізді жарылқа, бізге рахым ет. Сен біздің Иемізсің! Бізге өзіңе қарсы келген қауымға қарсы жәрдем бер!»
Осы секілді аяттар өз кезегінде «Фатиха» мен «Бақара» сүрелерінің түсу мекендері екі жерде болғанымен олардың бір-бірімен ерекше тығыз байланысы бар екенін көрсетеді. Бұл Алла Тағаланың теңдессіз құдірет тіл иесі екенін білдіреді.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы