KAZISLAM – Ағымдағы жылғы 15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдерімен этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттары В.Божко, С.Әбдірахманов, А.Мұрадов, Ю.Тимощенко, Ш.Нұрымов, Ш.Хахазов, Р.Ким, Н.Жұмаділдаева, Н.Микаелян, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л.Прокопенко, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М. Әзілханов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің басшылығы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қатысты.

Іс-шара барысында этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, ҚХА қызметін жетілдіру және этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.

Пікір жазу