Ислам шариғаты бойынша есектің еті – харам. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Хайбар соғысы кезінде оның етінің желінуіне тыйым салған. Ол туралы сахабалар былай дейді: «Хайбар соғысында Пайғамбарымызбен бірге аштыққа тап болдық. Арамыздағы бір топ адам қала сыртында жүрген есектерді ұстап алып келді. Біз оларды сойып, қазанға салдық. Қазандарымыз қайнап жатқанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жаршыға: «Қазандарыңды төгіңдер. Есек етінен бір кесек болса да жемеңдер!» деп жария етуді бұйырды. Бұны ести сала қазандарымызды төктік».  (Ибн Мажә, Сүнән) тағы бір хадисте: «Пайғамбарымыз Хайбар күні үй есегінің етін жеуге тыйым салған еді» деп айтылған. (Бұхари, әл-Жамиус-сахих)

Ал сүтіне келетін болсақ, еті харам деп саналатын жануарлардың сүттері де харам болып есептеледі.

Алау ӘДІЛБАЕВ,

теология ғылымының докторы

Пікір жазу