Ертең, 24 қыркүйек ҚМДБ діни ақпарат беру орталығында «Call орталықтағы сұрақ-жауап» жобасының еңбекқорлыққа қатысты эфирі өтеді.

Діни басқарманың @muftiyatkz инстапарақшасы арқылы онлайн өтетін эфирге ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы, исламтанушы Думан Сайфулла қатысып, оқырман сауалына жауап бермек. Бұл жолы эфир қыркүйектің соңғы жексенбісі – еңбек күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Тақырыпқа сай көкейде жүрген сұрақтарыңызды direct-ке және тікелей эфирде Call орталықтың 87172333030 нөміріне хабарласып қоя аласыздар.

 

Пікір жазу