Сұрақ: Ер азаматқа сүрме жағуға болады ма?

Жауап: Негізінде сүрме – әйелдерге арналған әсемдену құралы. Себебі ол әсемдік үшін көзді айқындап, үлкейтіп, әдемі етіп көрсетеді. Сонымен қатар сүрме – көздің шаршағанын басып, табиғи және жағымды әсер береді.

Сүрме көз ауруларына ем. Мысалы, көз жанарына жауапты жүйке тамырларының қызметін жақсартып, түрлі қабынулардан сақтайды.

Ер адамға сүрмені тек емдік немесе профилактикалық мақсатта пайдалануы рұқсат. Ибн Аббастан жеткен риуаятта пайғамбар (с.ғ.с.): «Сүрмелердің ішіндегі ең жақсысы – исмид, ол шашты өсіріп, көздің жанарын жақсартады», – деп айтқан (Ахмад, Әбу Дәуіт және Термези)

Әсемдену үшін пайдалана алмайды. Себебі дін ислам ер адамның әйелге ұқсауына тыйым салған. Дегенмен шариғат адамның денсаулығына, оның салауатты өміріне көп мән береді.

Жоғарыда айтқанымыздай сүрменің исмид атты түрін емдік қасиеттерінің көптігі себебінен прафилактикалық мақсатта қолданып тұруға рұқсат.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу