Біріккен араб әмірлігінде Emirates Airline әуе компаниясы қасиетті Рамазан айының құрметіне бір миллион құрма таратуды көздейді, деп хабарлайды Ansar.ru.

Рамазан айында әмірлік әуежайда және әуеде ауыз ашуға 150 мың қорап құрма таратылатын болады.

Әуе компаниясы ұшу кезінде ауыз ашар уақытын анықтайтын арнайы қосымшаны пайдаланады. Ақшам уақыты кірген кезде әуе кемесінің командирі жолаушыларға хабарлайды. Сондай-ақ жолаушыларға әуе компаниясы атынан 4-6 маусым күндері Ораза айт мерекесіне тәтті тағамдар берілмек.