23 наурыз. KAZISLAM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 23 наурыз күні астанаға қосымша 300 мыңнан астам медициналық маска әкелінді. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Тұңғыш президент қоры Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына 50 мың медициналық маска жіберді. Қала әкімдігі «СҚ-Фармация» компаниясымен бірлесе маска мен антисептиктерді жеткізу бойынша мәселені дистрибьюторлармен ұзақмерзімді негізде жолға қойды, – делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Құны 56 теңгеге бекітілген маскаларды келесі мекенжайлардағы дәріханалардан алуға болады:

«Хан Шатыр»,»Азия парк» СОО, «Мәскеу» БО, «Хайвилл»,»Нұрсая»,»13 магистраль»,»7Я»,» Лазурный квартал», «Променад Экспо» ТК, №10 емхана, «Аружан» СОО, «Экспо Плаза» ТК, «Триумфальная арка»ТК, Бараева, Сармат-1, Достар-3, Империал, Иманбаева 8, №6 емхана,»7 континент» ТК, «Визит» ТК, «Қайнар» БО, Тұран 55, Магнум (Алаш ш 23/1) және т.б.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Лаңкестер жерленген орын табылды

Өткен аптада қала дәріханаларына 450 мың медициналық маска жеткізілген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, дәріханаларда бір адамға 5 маскадан артық берілмейді. Медицина, полиция, әлеуметтік және қала тіршілігін қамтамасыз етуші нысандардың қызметкерлері медициналық маскамен, антисептиктермен және басқа да қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

Пікір жазу