Нұр-Сұлтан. 25 қыркүйек. KAZISLAM – Елордада Нұр-Сұлтан қаласының Дін саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда әлеуметтік желінің әлеуетін тиімді пайдалану жолдары мен әдістері» атты біліктілікті арттыру семинары өтті.

Семинарда «Әлеуметтік желі және оны жүргізу», «Нысаналы топтарға әлеуметтік желімен ақпараттық ықпал етудің тиімді тәсілдері» және «Мониторинг жүйесіндегі деректерге негізделген ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» сынды тақырыптар қозғалды.

АТТ мүшелеріне «Нұр-Сұлтан қаласының Дін проблемаларын зерттеу орталығының» бөлім басшысы Абай Аңдамас, танымал журналист, «Qazaqstan» ұлттық арнасының шеф-редакторы Нұрбек Бекбау мен «Kazdream Media» ЖШС компаниясының жоба бойынша менеджері Әлішер Бекташ дәріс оқыды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  «Нұр Астана» мешіті күрделі жөндеуден өтті

«Нысаналы топтарға әлеуметтік желімен ақпараттық ықпал етудің тиімді тәсілдері» тақырыбында дәріс оқыған Нұрбек Бекбау, имамдардың қоғамдағы беделі туралы айта келіп: «Жастардың дені уағызды ғаламтордан тыңдайды. Сол себепті, имамдар онлайнға шығу керек», – деген пікір айтты.

Шараны Нұр-Сұлтан қаласының Дін проблемаларын зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Пікір жазу