26 наурыз.  KAZISLAM – 2020 жылғы 25 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде деструктивті діни ағым ұстанушысын ұстады.

Ол «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясының ықпалымен астана аумағында теракт дайындады деген күдікке ілінде. Тергеу іс-қимылдары барысында одан жою элементтері бар қолдан жасалған жарылғыш құрылғы алынды – делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.
Ол адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 және 255 (терроризм актісіне дайындалу) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Пікір жазу