Елімізде бүгінге дейін шамамен 800 адам коронавируспен екінші мәрте ауырып қалған. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деп мәлімдеді.

Айтуынша, вирусты қайта жұқтырғандар вакцина алмаған. Жалпы тек Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де короновируспен қайта сырқаттанғандар бар. Еуропада да мыңдаған адамнан анықталған.

Әр адам өзін және жанындағы адамдарды қорғау үшін вакцина алғаны дұрыс. Әсіресе 60 жастан асқан және созылмалы аурулары бар азаматтар екпе алғаны жөн. Еліміздің әрбір өңірінде, тіпті, сауда орталықтарында екпе пункттері ашылды. Еліміздің барлық азаматы тегін вакцинаның тиесілі дозасын емін-еркін салдыра алады, – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Наиб имам теріс ағымға қарсы иммунитет қалыптастыруға жол сілтеді

Сонымен қатар министр күзге қарай Жамбыл облысында QazVac вакцинасын шығаратын зауыттың іске қосылатынын айтты. Қазір зауытты іске қосу және жөндеу жұмыстары аяқталған. Құрал-жабдықтардын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пікір жазу