KAZISLAM – Елбасы кітапханасының  мұражайдың жаңа  ғимаратында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Білім және ғылым министрлігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Асхат Аймағамбетов шара алдындағы мұражайдың жаңа ғимаратына жасалған экскурсия туралы айтып берді.

Шын мәнінде, керемет әсер алдық. Әсіресе,бұл бұл білім және ғылым саласы үшін маңызды орын деп санаймын. Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырылып  жатыр. Бұл бағдарлама білім және ғылым саласында кеңінен жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама аясында сабақтарды осы мұражайға келіп өткізудің маңызы зор деп ойлаймын. Бұл жұмысты ұйымдастырамыз. Балалар тұрмақ, өзімізге де керемет қызықты болды. Қазіргі заманға сай жәдігерлер,әртүрлі кітаптар бар. Тұнып тұрған тарих қой,- деді Аймағамбетов.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Жапонияда мұсылмандар саны екі есе өсті

Министр меморандумға дейін де Елбасы кітапханасымен тығыз қары-қатынас орнатылып, бірқатар іс атқарылғанын айтты.

Пікір жазу