KAZISLAM – Түркістан облысының Жетісай ауданында ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында салынған 12 үйдің құрылысы аяқталып, соңғы 6 баспана пайдалануға берілді.

Пәтер иелерінің бәрі – тұрмысы төмен, көпбалалы мұқтаж отбасылар. Баспана кілтін табыстау рәсіміне меценат Бахараддин Аблазимов, аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев, ауданның бұрынғы имамы Бекзат Сыздықов арнайы қатысты. Аудан имамы Жорабай Дулатбаев баспана салған азаматтардың баршасына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, бұл «Ел үлесі – пәтерге» акциясымен пайдалануға берілген 315, 316, 317, 318, 319 және 320-шы баспана. Әр үйдің құны 8 миллион теңге тұрады.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Қазақстан халқының саны – 18 млн 852 мың адам

Пікір жазу