ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Қызылорда облысы Арал ауданында тұратын көпбалалы отбасыға 464-баспананың кілті табысталды.

Шараға Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қатысып, Арал ауданы Қарақұм ауылының тұрғыны, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыға пәтер кілтін арнайы табыстады.

Сонымен қатар аталған пәтер ауыл имамы және жамағаттың қолдауымен табысталып отырғанын хабарлап, қайырымды істі қолдаған азаматтарға алғысын жеткізді.

Пікір жазу