БАӘ Бас мүфтиі әрі Дубайдың Ислам және қайырымдылық істері департаменті пәтуа бөлімінің жетекшісі доктор Ахмет бин Әбдел Әзиз әл-Хаддад Рамазан айы кезінде COVID-19 індетіне қарсы екпе салу оразаны бұзбайтындығы туралы пәтуа шығарды.

Оның айтуынша, вакцина бұлшықетке салынады, ал ораза ұстайтындарға мұндай екпені салуға рұқсат, өйткені ол ауыз, мұрын және тамыр арқылы тамақ, су немесе дәрі қабылдаумен байланысты емес.

«ПЦР-тест тапсыру да оразаны бұзбайды», – дейді дін маманы, себебі ол жерде тексеру үшін биологиялық материал ғана алынады.

Дегенмен, вакцинациядан кейін адамның жүрегі айнып, құсуы мүмкін, одан бөлек, қажет жағдайда ауырсынуды басатын дәрі салынады. Әл-Хаддадтың сөзінше, өздігінен келген құсу оразаны бұзбайды. Ал егер адам егу арқылы дәрі қабылдайтын болса, оразасы бұзылып, Рамазаннан кейін сол күннің қарызын өтейтін болады.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  "Қиындықта ел бірге": Маңғыстау мен Аралға 7500 түк жөп жіберілді

Еске сала кетсек, биыл қасиетті ай сәуірдің 14-і күні басталып, 12 мамырда аяқталады. Тарауық намазы 13 сәуір күнінен бастап оқылады.

Пікір жазу