Қазақстанда екі аймақ әлі де «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, 17 желтоқсандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр.

«Сары аймақта» Алматы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары енген. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл аймақта».

Еске сала кетсек, Атырау облысы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша кеше «қызыл аймаққа» енген болатын.

Пікір жазу