Әшғарилік пен Матуридиліктің арасындағы ең басты өзгешеліктер

    0
    222

     

    • Имам Матуриди бойынша Алла пендесіне күші жетпейтін нәрсені жүктемейді және оны күші жетпейтін іске жауапты қылмайды. Себебі, Құранда былай дейді: «Алла кісіге шамасы келмейтінді жүктемейді…», [2]. Ал Имам Әшғари пікірінше, Алла қаласа, пендеге күші жетпейтін нәрсені бұйырып, оған жауапты етуі мүмкін;

    • Имам Матуриди адамның ақылымен Алланың бар және бір екенін білуі парыз десе, имам Әшғари парыз емес деді. Матуриди бойынша діни үгіт-насихат болсын-болмасын, адам Алланы ақылымен тауып, сенуі керек. Мысалы, тау басында өмір сүрген адам біздің сеніміміз бойынша Алланың бар екендігін ақылымен тауып, оған сенуі керек. Бірақ оған дінді ешкім үйретпегендіктен мұндай жағдайда ондай пенде діни міндеттерден жауапқа тартылмайды. Әшғарилер бойынша діни үгіт-насихат жасалмаған жердегі адамдар Алланы ақылымен тауып, оған иман келтіруге міндетті емес;

    • Имам Матуриди «иман кемімейді де артпайды да» десе, имам Әшғари «иманның кемуі де, кемелденуі де мүмкін» деді;

    • Имам Матуриди қазір мүмін болған адамды мұсылман дейміз, бірақ та өлер ал-дында кәпір болса, күпірлікке кірген болып табылады десе, Имам Әшғари күпірлікпен өлген адам өмір бойы кәпір болған болып саналады дейді. Өмірінің соңында мүмін болып өлген адамға да осылай (өмір бойы мүмін болған) дейміз деді;

    • Имам Матуриди: «Иншалла мүмінмін» деуге болмайды (бұлай деу өзінің иманына шүбә келтірушілік) десе, имам Әшғари бұлай деп айтуға болады деп ұқты. (Осы себептен де, Матуридия мәзһабындағылар: «Дінің не?» деп сұрағандарға, «Әлһамду-лилла, мұсылманмын» деп жауап береді. Ал, Әшғария мәзһабындағылар: «Иншалла, мұсылманмын» деп жауап береді;

    • Имам Матуриди «иман мен Ислам» бір десе, имам Әшғари «екеуі екі басқа нәрсе, Ислам сеніммен бойұсыну болса, иман сенімін амалмен дәлелдеу» деп білді;

    • Әшғарилер жан алқымға келгенде жасалған тәубе қабыл емес десе, Матуриди-лер мұндай тәубенің қабыл екендігін білдіреді. Бірақ, жан алқымға келгендегі иманның жарамсыздығын айтады;

    • Әшғарилер бойынша бір нәрсенің жақсы немесе жаман (хусн-қубх) екенін ақыл біле алмайды. Бұлардың жақсы немесе жаман екендігі Алланың әмірі мен тыйымдары нәтижесінде анықталады.

    • Матуридилер бойынша жақсы мен жаманды ақылмен білуге жол ашық. Алла бір нәрсенің жақсы болғандығы үшін әмір етіп, жаман болған нәрсеге тыйым салған;

    • Әшғарилер бойынша Алланың жаса-ғандарынан себеп іздестірілмейді және бір хикметпен байланысы да жоқ. Өйткені Алла жасағандарынан жауапты емес.

    • Матуридилер бойынша Алланың жаса-ған нәрселерінің бір хикметі бар және себепке сүйенеді. Өйткені, Алланың әрбір ісінде бір хикмет бар. Ол бәрін біледі және Хәкім;

    • Имам Әшғари Алла тағаланың адамдарға дінді түсіндіруші пайғамбарлар жіберуі уәжіп емес десе, имам Матуриди пайғамбарлардың жіберілуі Алланың Хикмет сипатының қажеттерінен деді.

    Негізінен екі ғұлама да өз пікірлеріне Құран Кәрім және ақыл мен қисын тұрғысынан нақты дәлелдер келтіре алған. Осылардың кейбіріне тоқталып өтер болсақ.

    Имам Матуридидің пікірінше, пайғам-бардың ер адам болуы міндетті. Ол өзінің пікіріне Құран Кәрімнен мынандай дәлел келтірді:

    1. «(Мұхаммед с.ғ.с.) сенен бұрын да уахи етіп тек ер адамдарды ғана елші етіп жібердік. Егер білмесеңдер, білім иелері-нен сұраңдар» [3].

    2. «Сенен бұрын да кенттердің халқынан өздеріне уахи етіп, ер адамдарды ғана жібердік» [4].

    3. «Сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, ер адамдарды ғана жіберген едік» [5]. Сондай-ақ, ғалымның пікірінше, халиф, әкім, әмірші, қолбасы және қазының да әйел затынан тағайындалғаны дұрыс емес. Себебі әйел затының нәзіктігі бұл міндетті көтере алмайды. Бірақ әйел адам пәтуа бере алады деді. Ал имам Әшғаридің көзқарасы бойынша, пайғамбар әйел затынан да келуі мүмкін. Оның дәлелі ретінде Құран Кәрімнің мына аяттарын ұсынады: «Біз Мұсаның анасына уахи еттік» [6], «Мұсаның анасына: «Оны еміз де, оған бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа да күйінбе! Расында оны саған қайтарамыз да, оны пайғамбарлардан қыламыз» деп уахи еттік» [7]. Бұл ойдың иелері осы аяттардың әйел затына да Алладан уахи түсетінін білдіретіндігін, ал уахидің келуі пайғамбарлық белгілерінің бірі екендігін айтқан. Сондай-ақ, имам Әшғари ұстанымы әйел адам пәтуа бере беретіндігін, әкім және дін уағызшысы да бола алатындығын алға тартқан. Себебі, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю – олардың да парызы.

    http://pvldev.kaznetmedia.kz

    Пікір жазу