Ассалаумағалейкум уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!  Алла тағала ілімдеріңізге күш-қуат берсін. Менің қояр сұрағым: Адамдардың суреті немесе өзге заттардың  суреттері ілініп тұрған жерде намаз оқуға бола ма? Біреулер болмайды деп жатады. Шариғатымызда осыған қатысты қандай тыйымдар бар? Алла разы болсын сіздерге! Ахат.

Уағалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа бәракәтуһ!
Ахат, Намаз оқып тұрған кісінің алдында, төбесінде, оң және сол жағында және артқы жағында тірі заттың суреті тұрса бұл мәкрүһ болады. Сондай-ақ жерге төселген төсеніштегі сурет сәждеге бас қоятын жеріне дәл келсе, ол да мәкрүһ. Ал, аяғының астындағы сурет немесе беті жабық тұрған сурет, яки көлемі өте кішкентай суреттер[1] немесе жансыз заттың суреті мәкрүһ емес[2].

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Аяқ киім төңкеріліп жатса, неге оң қаратады?

[1] «Дирхамдағы суреттің көлеміндей» – делінеді.
[2] Ибн Ғабидин, Раддуль Мухтар – 2/417 бет.

Абдсамат Қасым

 

Пікір жазу