Cіз білесіз бе?

Автокөлік лотореясын ойнауға бола ма?

 

Ассаламу алейкум! Көп ауылдарда әркімде қомақты ақша бола бермейтіндіктен автокөлік т.б. дүниелерді ауқымды тиражбен билет шығарып, лотореяға салып ойнатып жатады. Ауыл болғасын бірі құда, бірі нағашы дегендей алғың келсе де, келмесе де үйіңе әкеліп өткізіп кетеді. Сұрайын дегенім: ойынның бұл түрі шариғат бойынша дұрыс па? Абдусамат Абдіш 

Уағалейкумуссалам, Абдусамат мырза! Дініміз барлық құмар ойындарға қатаң тыйым салған[1]. «Құмар» деп ықтималдыққа (ұтарын не ұтпасын білмей) сүйеніп ақша тігуді айтамыз[2].  Сіз айтып отырған ойында да сатып алатын кісі ұтарын не ұтпасын нақты білмей аталмыш билетті сатып алып отыр. Егер ұтпаған жағдайда адамның салған ақшасы (билетке төлеген ақшасы) құрдан құр біреудің қалтасына кетеді. Бұл кісі ақысын жеу болып табылады. Ал кісі ақысын жеуге дінімізде орын жоқ. Сондықтан да, аталмыш лотореяны ойнау да, оны ойнату да – харам.

[1] Майди сүресі – 90.
[2] Әл-Маусуғатуль Фиқһия , «мәйсир» — 39/404 бет.; Абдуннасыр Али, әл Майсир – 4.

Абдсамат Қасым

 

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close