Оқу орнының толық атауы:«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің «Шымкент медресесі» жеке мекемесі

Мекен жайы:160000,  Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл фараби ауданы, Рекордная өткелі, 4 үй.

Құрылған жылы: 2007 жыл

Меншік түрі:Жеке мекеме.

Байланыс телефондары: Тел: 8 (7252) 53-86-74, 53-86-73, 53-86-72.

  «Шымкент медресесі» діни бірлестігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2008 жылғы 27 қыркүйекте  шектеусіз мерзімге берген АБ сериялы № 0064031 лицензиясы негізінде қызмет атқарады.

«Шымкент медресесі» діни бірлестігіне Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы  В сериялы №0172360 куәлігін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті тарапынан 2007 жылғы 30 қарашада берілген. Куәлік № 5025-1900-ДБ нөмірімен тіркелген.

ОҚО Әділет департаментінің Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2012 жылы 5 қарашада №2884-1958-01-М-е нөмірімен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің «Шымкент медресесі» жеке мекемесі ретінде қайта тіркеуден өтті. 

Медресеге тиісті аумақта 10 ғимарат бар. Медресе кешенінде 2 оқу ғимараты, 2 жатақхана, 2 асхана, 1 акт залы, 1 мешіт, 2 әкімшілік ғимараты орналасқан. Жер көлемі 7576,1  шаршы метр аумақты құрайды.

Медреседе 24 ұстаз білім беру қызметін атқарады, олардың барлығы да штаттағы оқытушылар. Оның ішінде 6 ұстаз Түркия мемлекетінің азаматтары. 3 оқытушы магистр дәрежесіне ие. Оқытушылар – Қазақстанның, шет елдердің университеттерінде діни және зайырлы білім алған мамандар.

Жұмысшы оқу жоспарында Қазақстан Республикасында діни қызметкерлер дайындау бойынша білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптарға сәйкес зайырлы пәндер енгізілген. Оқу жоспары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Бас мүфтиі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры тарапынан бекітілген. Зайырлы пәндерден Қазақстан Республикасының мемлекеттік үлгідегі дипломы бар 5 маман білім береді.

Медреседе оқушыларды бір ауысымда оқыту қамтамасыз етілген. Компьютерлермен жабдықталған аудиторияларда барлығы 21 компьютер бар, олар толығымен ғаламтор желісіне қосылған. Оқу орнының барлық оқу-әдістемелік және тәрбиелік жұмыстары жайлы мәлімет компьютерлік ақпарат жүйесіне енгізілген.

Медресе кітапханасы Бас оқу ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Кітапханада барлығы 62000 оқулық бар, олардың басым бөлігі электрондық тасымалдағышта сақтаулы. Кітапханада 60 орындық оқу залы бар. Оқу әдебиеттерінің электрондық каталогы жасалған, электрондық кітаптарды оқуға арналған компьютерлер қойылған. Медресе кітапханасында қазақ, араб, түрік, орыс және өзбек тілдеріндегі әдебиеттер жинақталған.

  Медресе кітапханасына «Ислам және өркениет», «Егемен Қазақстан», «Рухани қазына», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Имандылық әлемі», «Нұр», «Иман», «Рахмет самалы», «Ақ башат», «Золотой родник», «Шапағат-нұр», «Өмір» секілді мерзімді басылымдар тұрақты түрде жаздырылып алынады.

Медресенің 320 орындық екі жатақханасы бар. Жатақханада оқу залы, медицина бөлмесі, тәрбиешілер бөлмелері орналасқан. Медицина бөлмесінде дәрігер маман тұрақты жұмыс істейді.

Медреседе 200 және 130 орындық екі асхана жұмыс істейді. Шәкірттерге үш мезгіл тамақ беріледі.

Білім алушылар тегін оқытылады. Оларды қаржыландыру Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Қазақстан 2030» Қазақ-Түрік жастарды қолдау қоғамдық қоры арасындағы Астана, Шымкент қалаларында ашылған ҚМДБ медреселеріне материалдық тұрғыдан көмек көрсету туралы келісім- шарт негізінде Қор қаржысы есебінен жүргізіледі.

Медресенің жекеменшік мешіті бар. Оның бірінші қабатында оқу дәрісханалары орналасқан. Дәрісханалар талапқа сай жабдықталған. Шәкірттерге бос уақытта спортпен шұғылдануға арналған залдар мен алаңдар бар. Медресенің тәрбие жоспарында спорттық және қоғамдық іс-шаралар тұрақты түрде қамтылып, жүзеге асырылып отырады.

Медресенің жанынан қыздар бөлімі ашылған. Қазір ерлер бөлімінде – 114, қыздар бөлімінде 60 шәкірт білім алуда.

ccb8330d2d288913e4d3a749e67b398d.jpg

a63055c4ff4a2ceadec2fef12a1ffb6a.jpg

af6d82f7a74c5009c1597103204acb8b.jpg

Пікір жазу