Оқу орнының толық атауы:«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің «Үшқоңыр медресесі» жеке мекемесі
Мекен жайы:Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Жібек жолы көшесі, 164 үй.
Құрылған жылы:2008 жыл
Меншік түрі: Жеке мекеме.
Байланыс телефондары: Тел: 8 (72771) 54652
Үшқоңыр медресесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен 2008 жылы 27 тамызда «Шамалған медресесі» діни бірлестігі» атауымен ашылған.
Алматы облысы Әділет департаментінің Қарасай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 29 желтоқсанда №3142-1907-05-У-е нөмірімен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Үшқоңыр медресесі» жеке мекемесі ретінде қайта тіркеуден өтті.
Медресе облыстық «Қарасай батыр» мешітінің жанында орналасқан. Жалпы көлемі – 2530 шаршы метр.
Медреседегі оқу үдерісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген оқу жоспары негізінде жүргізілуде. Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай.
Оқу пәндерінің жұмыс жоспары ҚМДБ Оқу-ағарту бөлімі тарапынан әзірленген. Сонымен қатар медресенің ішкі тәртібіне сәйкес қосымша сабақтар бекітілген.
Медреседе штат бойынша 10 оқытушы сабақ береді. Әрбір оқытушының өз пәндеріне арналған Жұмысшы оқу бағдарламасы, дербес жұмыс жоспарлары жасалған. Штаттық жылдық оқу жүктемелері медресенің оқу бөлімі тарапынан бекітілген. Медресенің оқыту жоспарына мемлекеттік стандартқа сәйкес зайырлы пәндер енгізілген.
Медресе кітапханасы діни әдебиеттермен және діни оқу құралдарымен, Құран Кәрім жазылған таспалар мен ислам дінінен мағлұмат беретін дыбыстық және бейне материалдармен қамтамасыз етілген. Дәрісханалар, компьютер залы, жатақхана толық жабдықталған. Медреседе асхана және алғашқы медициналық көмек пункті жұмыс істейді.
2011-2012 жылдары медресені 7 шәкірт бітіріп шықты. Барлық түлектер имамдық қызмет атқаруда.
Қазіргі кезде 67 шәкірт білім алуда.