Оқу орнының толық атауы:«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Сарыағаш медресесі» жеке мекемесі

Мекен-жайы:Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ елді-мекені, А.Навои көшесі, 1 үй.

Құрылған жылы:2010 жыл

Меншік түрі:Жеке мекеме.

Байланыс телефондары: Тел: 8 (725 37) 5-52-92.

«Сарыағаш медресі» діни бірлестігі 2011 жылғы 12 мамырда алынған білім беру қызметін жүргізу құқығын беретін АБ сериялы № 0142687 мемлекеттік лицензияға сәйкес 2011 жылғы қыркүйек айынан бастап қызмет атқаруда.

Медресеге заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы № 0353469 куәлік  2010 жылы 2 шілдеде, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің 58 сериялы №0013416 куәлігі 2010 жылы 14-шілдеде берілген.

ОҚО Әділет департаментінің Сарыағаш ауданының Әділет басқармасына 2013 жылы 9 қаңтарда №1112-1958-12-ЖМ-е нөмірімен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің «Сарыағаш медресесі» жеке мекемесі ретінде қайта тіркеуден өтті.

Медресенің оқу жоспары мен негізгі оқулықтары Діни басқарма тарапынан бекітіліп, Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментімен келісілген.

Медреседе білім беру қызметін толық штаттағы 15 оқытушы жүргізеді. Барлық оқытушылардың діни және зайырлы жоғары білімдері бар. Қазақстандық және шетелдердің университеттерін тәмамдаған.

Медреседе 200 шәкіртке лайықталған 11 дәрісхана, ғаламтор желісіне және медресе бойынша орталық жүйеге қосылған компьютер бөлмесі бар.

80 орындық қыстық асхана және 150 орындық жаздық асхана бар, 160 орындық жатақхана бар. Футбол, баскетбол, волейбол ойындарына арналған ашық алаңдар және көлемі 8х40 метр бассейн жасалған. Жабық спорт алаңы осы заманғы жаттығу құралдарымен қамтамасыз етілген, күрес залы жабдықталған. Оқу ғимаратында қажетті құрал-жабдықтары бар медициналық кабинет орналасқан.

Медресе кітапханасында 6000-ға жуық кітап қоры бар. Электрондық тасымалдағыштардағы ақпарат жүйесі қалыптасқан. Кітапханада мұсылмандық ілімнің тәпсір, ақида, хадис, ахлақ, фикх салалары бойынша кітаптар жинақталған. Сонымен қатар араб тілі грамматикасы, тарихи әдебиеттер, энциклопедиялық анықтамалар мен  көмекші оқу құралдары да бар. 15 орындық оқу залы жұмыс істейді.

Медресе базасында 350 орындық «Таяқты Ишан» мешіті орналасқан.

Медресе шәкірттері оқу орнының басшылығы бекіткен күн тәртібін қатаң сақтай отырып, білім алады және уақыттарын белгіленген тәртіпке сәйкес өткізеді.  

Медресе меншігінде шәкірттерді тегін оқыту мен тамақтандыру мақсатында игерілетін 2000 га бау-бақшалық жер телімі бар.

Қазіргі медреседе 118 шәкірт білім алуда.

a2b13ab4aef5338cb3395038131c8312.jpg

9d65a46e8d6dc545e92f351a51b697df.jpg

597ee5dd6fda48ef63572144f71b4dcb.jpg

Пікір жазу