Оқу орнының толық атауы:«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің «Орал медресесі» жеке мекемесі
Мекен жайы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 22.
Құрылған жылы:2008 жыл
Меншік түрі: Жеке мекеме.
Байланыс телефоны: (87112 504002, факс: 504002
E-mail: oral medresesi@mail.ru).
«Орал медресесі» діни бірлестігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен 2008 жылы ашылды. ҚР Әділет министрлігінде 2009 жылы 31 наурызда тіркеліп, №5089-1900-ДБ, БСН 090440006564, В №0353144 сериялы куәлігін алған. ҚР Қаржы министрлігі тарапынан №0001494, 62сериялы Салық төлеуші куәлігі 2009 жылы 14 сәуірде берілген.
«Орал медресесі» діни бірлестігіне 2009 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым саласындағы бақылау комитеті тарапынан білім беру құқығын беретін № 0137381, АБ сериялы Мемлекеттік лицензия берілген.
2012 жылы 25 қазанда «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Орал» медресесі жеке мекемесі ретінде Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Әділет департаментіне қайта тіркеуден өтті.
Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Оқу жоспарына сай шәкірттер дәріс тыңдап, практикалық, зертханалық сабақтарға қатысады, өзіндік жұмыспен айналысады, курстық жұмыстар, сынақ, емтихан тапсырады.
Медреседе 13 оқытушы еңбек шарты негізінде жұмыс істейді. Сонымен қатар ҚМДБ және Египет Араб Республикасының «әл-Азхар» университетінің арасындағы келісімшарт негізінде «әл-Азхар» университетінен шақырылған оқытушылар қызмет атқарады.
Медресе қалалық мешіт ауласындағы екі қабатты ғимаратта орналасқан. Бірінші қабатта әкімшілік және демалыс бөлмелері, медициналық пункт, асхана, екінші қабатта оқу аудиториялары және 60 орындық жатақхана орналасқан.
Медреседе білім алып жатқан шәкірттердің барлығы жатақханамен қамтамасыз етілген. Медресе ұстаздары мен шәкірттерін медициналық қамтамасыз етуді қаладағы №3 емхана жүзеге асырады.
Медресе Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарынан келген жастарды оқуға қабылдайды.
Медресені 2010-2011 жылдары 14 шәкірт, 2011-2012 жылдары 7 шәкірт бітіріп шықты. Бітіруші 3 түлек жоғары діни білім алу мақсатында Алматы қаласындағы «Нұр» Қазақ-египет ислам университетіне оқуға жолдамамен жіберілді. Басқа түлектер Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы мешіттерге қызмет атқаруда.
Қазіргі таңда 42 шәкірт білім алуда.