Оқу орнының толық атауы:«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Әбу Ханифа медресесі» жеке мекемесі

Мекен жайы: 050016, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12 үй.

Құрылған жылы: 2009 жыл

Меншік түрі: Жеке мекеме.

Байланыс телефоны: 8(7272)-278-21-34.

«Әбу Ханифа медресесі» Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бастамасымен 2009 жылы ашылған.

Медресенің рухани білім беретін оқу бағдарламалары бойынша қызмет жүргізуге құқық беретін 2011 жылдың 12 мамырында берілген АБ сериялы № 0142685 мемлекеттік лицензиясы бар. Тіркелген уақыты 28.12.2010 ж. (№5180-1900 ДБ).

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңының талаптарына сәйкес «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Әбу Ханифа» жеке мекемесі ретінде 2012 жылы 27 желтоқсанда (114536-1910-М-е) Алматы қаласы Әділет департаментінде қайта тіркеуден өтті.

Медреседе оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Талапкерлер үшін жас шектеулері 17-25 аралығында белгіленген.

Медреседе 13 штаттық, 6 қоса атқарушы оқытушы қызмет атқарады. Қоса атқарушы ұстаздар келісімшарт негізінде әлеуметтік пәндерден сабақ береді.

Медреседегі оқу үдерісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген және ҚР БҒМ-мен келісілген экспериментальды оқу жоспарының негізінде жүргізілуде. Оқу бағдарламасына діни пәндермен қатар зайырлы пәндер де енгізілген. Барлық оқу пәндерінің жұмыс жоспары ҚМДБ Оқу-ағарту бөлімі тарапынан әзірленген. Оқушылардың білімін тексеру мақсатында ағымдық, аралық және қорытынды бақылаулар ұйымдастырылып, білім алушылар жетістігі балдық рейтинг жүйе бойынша тексеріледі.

Оқу орнында 5000-нан астам діни әдебиеттер бар. Қазақ тіліндегі гуманитарлық, әдеби қоғамдық бағыттағы оқулықтар саны 1500-ге жуық. Сонымен қатар кітапхана қорында ғылыми-ағартушылық бағыттағы журналдар, электрондық оқулықтар, бейнематериалдар, ғылыми материалдар жинақталған. Шәкірттерге ғаламтор желісі арқылы білімдерін жетілдіруге толық жағдай жасалған.

Медреседе ғаламтор желісіне қосылған компьютер сыныбы бар. Шәкірттер жатақханамен қамтамасыз етілген. Шәкірттер денсаулығы «Жансая» дәрігерлік орталығының қадағалауында. Оқушылар денсаулығын шынықтыру мақсатында «Елюхан» сауықтыру кешенімен келісім-шарт жасалып сауықтыру шаралары, түрлі спорт ойындары түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып тұрады.

983806a9be1fc6e1fc8b94681154a222.jpg

04bacc273035982b08d35036009c4c20.jpg

Пікір жазу