Оқу орнының толық атауы:«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Ықылас қарилар дайындау орталығы» жеке мекемесі

Мекен жайы:Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Теріскей мөлтек ауданы.

Құрылған жылы: 2008 жыл.

Меншік түрі: Жеке мекеме.

2000-2013 жылдар аралығында «Дар ал-Аркам атындағы Құран Кәрім оқып үйрену орталығы» деген атпен қызмет атқарған. Осы уақыт аралығында көптеген қари шәкірттер тәрбиелеп шығарған.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Ықылас қарилер дайындау орталығы» жеке мекемесі ретінде 2013 жылдың 27 наурызында Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет департаментінде қайта тіркеуден өткен.

«Ықылас» қарилар дайындау орталығында жоғарғы санаттағы исламтанушы қарилармен бірге университет қабырғасында бірнеше жылдық іс-тәжірибесі бар оқытушылар, білікті мамандар дәріс береді. Сабақ кестесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесе жасалған. Құран, тәжуид, араб тілі, ахлақ, сияр, фиқһ, хадис, ақида, тәпсір сабақтары оқытылады.

Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Оқуға 7-11 сынып аралығындағы шәкіттерді 1 ай оқыту нәтижесінде сынақ тапсыру арқылы іріктеліп алынады. Қарилар дайындайтын 2 сынып пен 1 сауат ашу сыныбы бар.

Орталықтың екі қабатты ғимаратында 70 шәкіртке арналған 3 сынып, 4 жатын бөлме, 100 орындық асхана, компьютер бөлмесі, конференция залы жұмыс істейді.

Орталық кітапханасында 1000-нан астам қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптар шоғырланған. Орталықта медициналық бөлме жұмыс істейді.

Бітіруші түлектерге сертификат беріледі. Үздік бітірген шәкіттер «Нұр» Қазақ-египет ислам университетіне, «Шымкент», «Сарыағаш» медреселеріне және Түркия мемлекетіне оқуға жіберіледі.

a2cc9e4e80d03a434cef3dab61cb8188.jpg

18f12c92239c0778ae188a6caa0da85f.jpg

Пікір жазу