Әбу Бәкір Саддық мешіті

    395

    Халықтың көптен күткен арманы орындалып, 2008 – жылы Павлодар қаласының 2-Павлодар мөлтек ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы Бас Мүфти Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің қолдау көрсетуімен жаңа мешіт пен медресе бой көтерді. Жасыл күмбез жадырап, алыстан көз жауһарын өзіне тартатындай әсем де шағын мешіт пен өскелең ұрпақтың көзін ашып, көкірегін оятатын білім ордасы болған медресені жаңадан салып, халықтың арманының жүзеге асуына барша ынта-ықыласымен қаржылай демеушілік етіп атсалысқан Железинка ауданына қарасты Озерный ауылының тумасы Сапаров Абай ағамыз болатын. Әбу Бәкір Сыддық мешіті екі қабаттан тұрады. Үстінгі қабатта ер кісілер намаз оқитын үлкен зал мен Бас Имамның басқару бөлмесі де орналасқан. Астынғы қабатта әйел кісілердің намаз оқитын оңаша залы мен Құран оқытам деушілерге арнайы Құран оқытатын жеке бөлмемен жабдықталған. Сонымен қатар астынғы қабатта Құран, тәжуид, Фиқһ пәндері бойынша діни сауатын ашам деушілерге арнайы бөлмелер мен кітап оқып санасына саңылақ ұялатам деушілерге кітапханамен де қамтылған. Оған қоса есепшінің бөлмесі де қарастырылған. Мешіттің жалпы ауданы 408,6 квм. Ғимараттың көлемі 2745. Мешіт Крылов көшесі мен Салтыкова-Щедрина көшелерінің арасында, Муткенова 52 көшесінің бойында орналасқан. Сондай–ақ, Павлодар медресесі «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің жанында орналасқандықтан медресенің атын да мешіттің атымен сәйкестіріп, «Әбу Бәкір Сыддық» деп аталуымен қатар 2 жыл 10 айлық білім беру ордасы болып бекітілді.

    Пікір жазу