Павлодар қаласындағы «Бижан» мешіті

    364

     

    «Бижан ата» тегі қожа руынан шыққан дәулетті адам болған дейді. 1923 жылы өз қаражатымен өгізіне арба жегіп Шалдай орманынан қарағай бөрене тасып, мешіт салыпты.

    Бижан ата 1931 жылдары қуғын сүргініне ұшырап, халық жауы аталып, репрессияға ұшырады.

    Мешіт 1923 — 1943 жылдар аралығында Павлодар өңірінде жұмыс істеген жалғыз мешіт. Мешітте 1943 — 1989 жыл аралығында Рахметулла хазрет, Ысқақ хазрет, Әғзам молда, Абдуллаһ Жолдасов, Ертай имам, Бақыт имам, Кененбай имам т.б. имамдар қызмет еткен.

    Мешіт 1989 жылдан 1996 жылға дейін иессіз қалып, кейін 1996 жылы мешітті РСУ деген бір кәсіпорын сатып алып пайдаланды. Бижан мешітінің қаусап шіріген қабырғалары 1999 жылға дейін тұрды.

    Алланың қалауымен осы өңірдің тумасы Байсуфинов Рахат Маруаұлы деген бизнесмен азамат өз қаражатына 2000-2005 жылдар аралығында мешітті толығымен қайта салды. Мешіт 2005 жылдың қазан айының 3 жұлдызында есігін ашты. Мешіт ауласындағы ескірген ағаштар алынып, жаңадан жас көшеттер, шыршалар отырғызылды. Гүл егу, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, мешітке күрделі жөндеу жұмыстары жасалып толығымен еден төселді.

     

    Пікір жазу