БҰҰ Бас хатшысының өкілі қазақстанның дінаралық және мәдениетаралық диалогты ілгері жылжытудағы рөлін жоғары бағалады

    363

    Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков БҰҰ Бас хатшысының «Өркениеттер альянсі» жөніндегі Жоғары өкілі Жорже Сампайоға табыстады.

    Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің биылғы 30-31 мамырда Астанада болатын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің  IV Съезіне ресми шақыруын Лиссабонда (Португалия) табыс етті, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

    Ж.Сампайо  дінаралық және мәдениетаралық үнқатысуды ілгерілетудегі Қазақстанның және Президент Н.Назарбаевтың рөлін жоғары бағалады.

    — «Қазақстан толеранттық саясатты іске асырудың жақсы өнегесі болып табылады және өз тәжірибесін әлемдік қоғамдастықпен бөлісіп келеді», — деді Ж.Сампайо.

    БҰҰ Бас хатшысының Жоғары өкілі Астанада «Өркениеттер альянсінің» аймақтық форумын өткізуді ұсынды.

    Қазақстандық сенатор жүздесушіні Президент Н.Назарбаевтың «Әдеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» халыққа Жолдауының негізгі қағидаттарымен таныстырды және құжат мәтінінің португал тіліне аударылған кітапшасын табыс етті.

    Лиссабонда болған кезде И.Адырбеков ЕҚЫҰ ПА-ның Құрметті президенті Жоао Соарешпен кездесті. Кездесуде Қазақстан мен Португалияның парламентаралық ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

    Ж.Соареш аймақтағы және әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту саласындағы Қазақстанның халықаралық бастамаларының көкейкестілігін атап өтті.

    БҰҰ Бас хатшысының өкілі парламент сенаты халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбековпен кездесуіндегі сөзінен

    13.03.2013

    Дереккөз

     

     

     

    Пікір жазу