Отанымыздағы бейбітшілік пен келісім, бұл жерде тұратын адамдарды біріктіретін, туыс ететін даналықтың белгісі. Ертеректе Қазақстан бүлікшілерді аластататын, репрессияға ұшыраған халықтар қоныс аударатын мекен болғандығы жалған емес. Сол халықтар тамырын терең жайып, бұл жерден нағыз Отандарын тапты. Егемендігімізді әлем таныған бүгінгі күні біз достық мен адами келісім негізінде ғасырлар бойы тұғыры қаланған мемлекет түзеудеміз. Бұған сеніммен сүйсіне қараған Батыс пен Шығыс Қазақстанға бірқатар халықаралық ұйымдарға төрағалық ету мәртебелі миссиясын сеніп тапсырды. Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті және Түрік мәдениеті мен өнерін бірігіп дамыту бойынша халықаралық ұйымдардың атқарушы құрылымын басқарды. 2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Азиядағы ынтымақтастық диалогына, 2010 жылы Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына төраға болса, 2011 жылдың шілде айынан бастап Ислам Конференциясы ұйымына төрағалық етуде.

Қазақстан қоғамының полиэтникалық сипат алуы ХІХғ. аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқаны белгілі. Ресейліктер патша билігі саяси шараларын жүзеге асыру барысында қазақ жеріне қоныстана бастады. Олардың арасында саяси жер аударылғандар, столыпиндық аграрлық реформалар (1906-1917жж.) салдарынан бос жатқан құнарлы жер іздеген шаруалар (орыстар, украиндықтар, бессарабиялық болгарлар және т.б.) бар еді. 30 жылдардың аяғында мәжбүрлі қоныстанушылардың екінші ірі тобы келді. Аштық пен сталиндік репрессияның әсерінен Қазақстандағы демографиялық жағдай күрт өзгеріп кетті. 1926-1939 жылдар аралығын қарастыратын болсақ, халық саны бар жоғы 2,6% өсті. Аталған жылдар аралығында қазақтар саны 35,8% төмендеп, орыстардың саны екі есеге өсті. Егер 1926ж. қазақтар 58,2% құрап, халық санының басым көпшілігін қалыптастырған болса, 1939ж. олардың көрсеткіші 36,4% дейін төмендеп кетті. Ал, 1926ж. 20,5% құраған орыстар саны, 1939ж. 41,2% өсті. Дей тұра, миграцияға байланысты қазақтардың саны басқа мемлекетерде артты, мәселен, Ресейде 2,3, Өзбекстанда 1,7, Қарақалпақстанда 2,5, Қырғызстанда 10 есе.

Сол жылдардан кейін 40 жылдарға келетін репрессиялардың келесі кезегі және 50 жылдардағы демографиялық ауытқулар болды, нәтижесінде қазақтар өз жерлерінде демографиялық азшылықты құрады. Дегенмен, қазақ халқы өзінің ауыр тағдырына наразылық танытпады, шеттен келгендерді басқа түскен нәубет деп қарамады. Олай етпек тұрмақ, өздері ауыр жағдайда бола тұра, қазақ жұрты қалауымен немесе қалауынсыз келген халықтарға кеңпейілділік танытып, қуана қабыл алды.

Әдетте халықтарды көшіру мен депортациялауды соғыспен байланыстырады. Дегенмен бұлай деп пайымдау ақиқаттың бетін ашпайды. Себебі, әртүрлі тап, әлеуметтік топ, ұлттық азшылық пен этникалық топтарды қоныс аударту соғысқа дейінгі жылдарда да болған. 20-30 жылдары КСРО-ның орталық аудандарынан Қазақстанға, Оралға, Орта Азия, Сібір мен Қиыр Шығысқа әскери қарауылдармен топ-тобымен құлаған таптың, жоғарғы сословие өкілдері, дін иелері, сонымен қатар мәжбүрлеп коллективизациялаудың нәтижесінде, жиған-тергендерінен айрылған кедейлер көшірілді.

ХІХғ. 20 жылдары император Александр ІІ «Сібір қырғыздары туралы үкім» (1822ж.) негізінде және оренбург әскери губернаторына қарасты Батыс Қазақстан территориясындағы басқару жүйесін реформалау туралы арнайы заң актілерінің (1824ж.) негізінде Орта және Кіші жүздердегі хан билігі жойып, Ресей империясының басқару органдары қазақ даласының түкпіріне орын ауыстырды. Осы саяси үрдістерге байланысты ХІХғ. екінші ширегінде Қазақстан территориясында славян халықтары қоныстануының географиясы айтарлықтай кеңейді, осылай қазақ көшпеділерінің арасында орыс шаруалары, орал және сібір казактары пайда болды.

Тура осылай славян топтарының миграрттары ХІХғ. екінші жартысында Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанның далалы аудандарында қоныстанған болатын. Солтүстік және Шығыс Қазақстанның далалы аймақтарын орыстардың аграрлық отарлауының маңызды салдарының бірі болып, Орта жүз қазақ руларының жайлауларын экспроприяциясы арқылы Сібір казак әскерлерінің жериеленуінің кеңейтуі болды.

ХІХғ. 40 жылдардың екінші жартысынан Қазақстан өңіріндегі ықпалы үшін Ресей мен Қоқан хандығының арасындағы әскери-саяси бәсекелестің артуына байланысты Батыс Сібірдегі орыс әскери әкімшілігі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жерінде, Жетісу ауданында бекініс пункттерін тұрғыза бастады. Жетісу казак әскерінің құрамында орыстар, татарлар, қалмақтар, қазақтар мен қырғыздар болды.

ХVІІІғ. ортасында қытай әскері батыс шептерінде Қазақстан шекараларына қарай жылжытты. Тяньшаньмаңының солтүстігіндегі Іле өлкесінде бірқатар қытай әскери бекеттері мен бекіністері орналастырылды. Оларды ауылшаруашылық өнімдері, азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Шығыс Қазақстанның солтүстік-батыс оазисі – Қашғар мен Ақсудан Іле өлкесінде отырықшы егінші халықты көшіру туралы шешім қабылданды. Осылай, Іле өлкесі маньчжурлық терминмен айтқанда тараншы (тікелей аудармасы – соқашылар, диқан), тағы да дүнгендер деп аталатын түріктілді мұсылман отырықшы халық пайда болды. Жетісу өңірінде тараншы мен дүнгендерлі қоныстандыру 1881ж. бастап 1884ж. дейін созылды. Патша үкіметі тараншылар мен дүнгендерді қоныстандыра отырып, Құлжа өңіріндегі Қытайдың экономикалық позициясын әлсіретіп, Қытайдың шекарасындағы өз ықпалын нығайтқысы келді. Орыс басшылығы Қытай шекарасында қиындықтар туып қалған жағдайда тараншылар мен дүнгендерді Қытайға қарсы тұра алатын әскери күш ретінде де қолданғысы келді. Аталған уақыт аралығында Жетісуға 45373 адам басынан тұратын 9572 тараншы отбасы, 4682 адамнан құралған 1147 дүнген отбасы көшіп келді. 1897ж. санақ бойынша тараншы мен дүнгендер саны 71091 адамды құрады (55815 ұйғыр және 15276 дүнген). Көшірілгендер Жетісу облысының Верненский және Жаркент уездерінде орналасты. Көшірілген тараншылардың бір бөлігі Хоргос пен Усек өзендерінің аралығына қоныстанды. 1882ж. олар Жаркент қаласының негізін қалады. Бұл жердегі халық қоныстандыру ресей әкімшілігінің мүддесіне сай еді, себебі бұл аудан ресейліктер тарапынан өте бәсең және ырықсыз қоныстандырылатын еді. Егінші тараншылардың елді мекендерінің болуы тек Жаркенттің халқын ғана емес, сонымен қатар, бұл аймаққа орналастырылатын орыс әскерін де ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ете алатын еді. Осылай, тараншылар Оңтүстік-Қазақстандағы отырықшы-диқаншы халықтардың түріктілді тобын құрды. Олар бұл жерде көшпенді-қазақтар және орыс-славян көшіп келгендер тобы мен әскери-казак халқының ортасында өмір сүрді. Бұл жағдай олардың ерекше этномәдени сипатының және кейінірек ерекше қауымдастықтың Қазақстандағы «ұйғырлардың» пайда болуына ықпал етті.

ХVІІІғ. бірінші жартысында ресейлік мемлекеттік шекара оңтүстікке, оралмаңы мен есілмаңындағы далаларға жылжытылып, 1734-1744жж. аралығында европалық топтардың қоныстануы орын алды. Осылай ХХғ. басына дейін славян этнотерриториялық қауымдастықтан кейінгі ірі топты татарлар, немістер мен поляктар құрады. Татарлар территориялық және конфессиялық нышандарымен ерекшеленді. Олардың басым көпшілігі сунниттік ағымдағы исламды ұстанса, сібір татарлары негізінде шаманизм жатқан дәстүрлі діндерге сенді.

Революцияға дейінгі Ресейде немістердің пайда болуы әртүрлі германдық мемлекеттерден (1871ж. бері біртұтас Германия), Австро-Венгрия, Швеция, Польша, Даниядан және ресейлік Прибалтика қала халқының айрықша құқықты сословиесі өкілдерінің (аксүйек-дворяндар, дін иелері мен брюгерлер) олардың бірнеше ұрпақтарының көшіп келуімен түсіндірілді. Олар неміс тілінің әртүрлі диалектілерінде сөйлеп, христиан дінінің әртүрлі конфессионалды ағымдарын ұстанды. Немістердің басым көпшілігі лютерандар, қалғандары – католиктер мен меннониттер болды. Бұл ресейлік диаспораның алғашқы авангардтық топтарының біздің аймаққа қоныстануы орталық патша үкіметтің шешімімен жүзеге асырылған болатын.

ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстан территориясына Ресей империясының басқа халықтарының өкілдері де қоныс аударды. Бұл жерлерде славян, неміс, татарлардан өзге мордвиндер, еврейлер, калмақтар, башқұрттар, черемистер және басқалар тұратын еді. Бұл этникалық топтартың саны жағынан ең көбін мордвиндер құрады. 1897ж. санақ бойынша жалпы саны 11,9 мың мордвин халқы көпшілігі Ақмола облысының Көкшетау уездіне, Торғай облысының Костанай уездінде тұрақтанды. 1651 адам басынан тұратын евреи халқы барлық облыстардың қалалық орталықтарына, көп бөлігі Түркістан аймағының Ақмола және Сырдария облыстарына орналасты. Аталған жылы, Ақмола облысында өмір сүріп жатқан 375 эстондық болды. Одан өзге, 1897 жылғы санақ бойынша Қазақстанда тұрып жатқан 29,5 мың өзбек, 2,8 мың түркмен, 2,6 мың башқұрт, 997 қалмақ, 987 тәжік тіркелді. Осылай, ХІХғ. соңына дейін Қазақстанда кейбір еуропалық және азиялық халықтардың ірі диаспоралары қалыптасты, олар табиғи өсімінің жоғарылығымен, миграциялық икемділігімен ерекшеленді. Кейінгі онжылдықтарда олардың санының артуымен бұл этникалық топтар аймақтың экономикалық және әлеуметтік-мәдени өмірінде елеулі рөл атқара бастады.

Бүгінгі Қазақстанды біздің елде өмір кешіп жатқан немістер, кәрістер, ингуштар мен басқа да көптеген халықтарсыз елестету мүмкін емес. Олар сол кездегі жүйенің езгісінде болса да, жергілікті халықтың жан жылуын сезініп ғұмыр кешті, өздері жат жерде жүріп қазақтарды көп нәрсеге үйретті. Немістер ұқыпты болуды, техниканы жақсы көруді, кәрістер жерге ыждаһатпен қаруды, шешендер мен ингуштер этникалық ауызбіршілікке үйретті. Басқа халықтардан да өзге де құнды қасиеттерді бойымызға сіңірдік, біз үй тұрғызып, отбасын асырауды, бидай өсіріп, ұлттық тағамдарды жасауды, бірге үйрендік, осылай халықтар мәдениеті жетістіктерімен алмасып байи түстік.

Бүгінгі Қазақстан Республикасында 46 конфессия мен деноминация өкілдері, сондай-ақ 130 ұлт пен этникалық топ өкілдері бірлікте өмір сүріп жатқан іргелі мемлекет.

Қазақтардың мәдени – этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы толеранттылық қазіргі уақыт пен келешекте азаматтық әлемді сақтаудың жақсы негізі болып табылады. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан барлық мұсылман, православиеліктер, католиктер, протестанттар, иудейлердің дін уағыздау еркіндігін қамтамасыз етті. Діни институттардың елеулі сандық және сапалық дамуы басталды. Бүгінгі күні діни қоғамдастықтар саны шамамен 4500 толды, ал 1990 жылы олардың саны небәрі 670 болатын.

Қазақстанда құрылған мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынас үлгісі діндарлардың құқығы мен еркіндігін құрметтеудің демократтық қағидаттарына, қоғамдық және діни мүдделердің теңгеріміне, серіктестік пен өзара түсіністікке ұмтылу қатынастарына негізделген. Астана қаласында үш жылда бір өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі конфессиялар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтудағы келесі бір қадам және Қазақстанның өркениеттердің жаһандық келіссөзіне қосқан қомақты үлесі болды. Елбасының бастамасымен құрылған Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы да Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісін дәріптеуде, дін мәселелерін зерттеуде жұмыла жұмыс атқарып келеді.

1992ж. Алматыда Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруымен бірінші Дүниежүзілік рухани келісім Конгрессі өткен болатын. Қабылданған манифесте Конгресске қатысушылар 18-қазанды Рухани келісім күні, дау-жанжалдар мен қақтығыстарға мораторий жариялау күні, ымыраласуды іздеу күні, қайырымдылық пен жықындарына көмек көрсету күні деп жариялауға шақырған. Содан бері Қазақстанда 18-қазан жыл сайын Рухани келісім күні ретінде атап өтіледі.

1995ж. негізі қаланған Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргі күні әлемдік қоғамдастық ХХІ ғасырдың ұлы жетістіктерінің бірі деп баға берген таңғажайып халықтар достығының институтына, өркениеттер институтына айналды.

Елбасының сөзімен түйіндейтін болсақ «Қазақстанның діни конфессиялардың бір-біріне деген өзара сыйластығы олардың маңызды ерекшелігі болып табылады. Қазақ жерінен барлық әлемдік діндер жүріп өтті, дегенмен бұл жерде ешқашан фанатизм мен төзімсіздік болған емес. Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан халқына қашанда айрықша толеранттылық, өзара сыйластық пен өзара жәрдемдесудің айрықша рухы тән еді. Бұл рухани дәстүр бүгінгі күні де сақталған». Қазақстан жерінде ұрпақтарымыздың ұрпақтары заманында да Бірінші Президенттің салмақты сөздері өзекті болады деп сенгіміз келеді.

10.09.2011

Дереккөз

 

 

 

Пікір жазу