Қазақстан үшін үcтіміздегі 2009 жыл сыртқы жəне ішкі саясаттамаңызды рөл атқаратын жыл, өйткені Қазақстан өзінің 2010 жылыЕҚЫҰ-на төрағалық ету міндетіне қатысты биылғы жылдан бұл ұйымды басқарушы «үштіктің» құрамындағы қызметін бастауынабайланысты өзінің саяси принциптерін айқындап, жаңарту шараларына аяқ басты. Қазақстан өзінің 2010 жылғы төрағалығыныңөкілеттіліктерін тиімді жəне қажетті салаларда жүзеге асыру үшінөз алдына төрағалықтың күн тəртібіндегі мəселелерді айқындап,оны жүзеге асырудың базалық жағдайлары мен шараларын негіздеуі қажет.

 Осындай шаралардың бірі ретінде ҚазақстанныңЕҚЫҰ-на төрағалық етуі кезеңінде ұйымға мүше-мемлекеттерарасындағы, посткеңестік мемлекеттер мен еуропалық елдержəне де Шығыс пен Батыстық өркениетті ұстанушы халықтарарасындағы сындарлы пікіралмасуды қалыптастыруды алуғаболады. Бұл жағынан алғанда Қазақстанның ЕҚЫҰ-на мүше-мемлекеттерге ұсынуға тұрарлықтай ұлтаралық жəне дінаралықкелісімнің қазақстандық үлгісіне ие. Қазақстан Республикасыөзінің тəуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап-ақ ұлтаралықжəне дінаралық келісім нығайту шарасын мемлекеттік даму мен оның территориясындағы ұлттардың өсіп-өнуі, бірін-бірі
сыйлауы мен құрметтеуінің негізгі принциптерінің бірі ретінде қарастырды.Тəуелсіздік алған жылдардан бергі қоғамдағы жаңарулар, реформалар мен өзгерістер қазақстандық қоғамындағы əлеуметтік-саяси мəселелерді тыңғылықты зерттеу қажеттігін көрсетеді. Қазақстандықтар тəуелсіздіктің өткен 18 жылы ішінде қоғамдық тұрақтылық, ұлтаралық келісім мен жалпы қазақстандық патриотизм, ұлттық сəйкестілікті қамтамасыз етудің өзіндік үлгісін жасады. Президент айтып өткендей: « – бұл қазақстандықтардың өзіндік жаңалығы, біз оны мақтан тұтып, қорғай білуіміз қажет» [1]. 

Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат
қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. Халықтардың өзара қарым-қатынасы мəдениетініңқазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстықжағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақтаұзаққа созылған қарсылық пен мəңгілік жек көрушілікке ұласыпкетпеуінің алдын алу болып табылады. 

Қазақстан қоғамыныңбұндай жетістікке қол жеткізуі оның халқының ұжымдық субъекті ретіндегі жəне оның əрбір мүшесінің өз бойында ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетін жоғары қоюында болып отыр. Бұған Қазақстан Республикасының алғашқы кезеңнен бастап зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде дамуды қолға алып, өз конституциясында республика территориясында тұратын кез-келгеназаматтың толық құқықтылығына кепіл болуы үлкен ықпал етті. Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «Тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды» деп азаматтарының өз құқықтарын толығымен пайдалануына мүмкіндік жасаған [2]. 

Əлемдегі кез-келген Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекеттің өзінің тұтастығы мен тəуелсіздігін сақтаудың негізгі шарттарының бірі – ол оның азаматтарының ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады. Сондықтан да, Қазақстан билігі өз азаматтарының ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, жалпы қазақстандық ұлт дəрежесіне біріктіру саясатын ұстанған. Бұл бағытта негізгі назар əр ұлт өкілдерінің республика азаматы ретінде саяси топтасуы қарастырылған жəне ол ұлттардың мүдделерінің ортақтығына қатысты құрылып, мемлекеттік саясаттың жалпыұлттық құрылысында есепке алынуы қажет. Қазіргі таңда Қазақстандағы жалпы ұлттық құрылыстың негізгі құрамының бірі ретінде ұлттық плюрализм алынып отыр. Аталынған бағыттың жүзеге асырылуы барысында біршама жетістіктерге қол жеткізілген. Мысалы, біріншіден, əлеуметтік зерттеу деректеріне сай қазақстандық тұрғындардың басым бөлігі өздерін Қазақстан Республикасының азаматы деп санайтынын мəлімдеген. Екіншіден, Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінеөздерінің ұлттық-мəдени мүдделерін жүзеге асыруға қолайлыжағдай жасалынған.

Осылайша, Қазақстан өз тəуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ көп ұлтты жəне түрлі дінді ұстанатын қоғамда этностардың өзшілігі мен бірігуін сақтауға негізделген ұлтаралық
қатынастарды қамтамасыз ететін өзіндік айрықша үлгініқалыптастырған. Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде жүзеге асырылады: тұжырымдамалық деңгей; саяси-құқықтық (конституциялық) деңгей; институционалдық деңгей жəне ғылыми-əдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді жəне ол: əлеуметтік-экономикалық, мəдени, ождандық, тұрмыстық жəне басқа да өзара тəуелді, толықтырушы факторларды есепке алу, Қазақстан ұлттарының өз мəдени дамуын еркін қамтамасыз ету жəне олардың мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру принциптеріне сүйенеді. 

Саяси-құқықтық немесе конституциялық деңгей мемлекеттің ұлтаралық қатынастар саласын реттейтін заңнамалық актілер жəне ұлттық саясатты жүргізуге қатысты басқа да құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Ұлтаралық келісімнің құқықтық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы танылады.

Тіпті Ата Заңның 39-шы Бабы: «ұлтаралық келісімді бұзатын кез-келген əрекет конституциялық емес деп танылады» деп көрсетілген. Сонымен қатар, Негізгі заңның 7 Бап («мемлекет Қазақстан халқының тілдерін дамыту мен оқуға жағдай жасайды») пен 19 Бап («əр азамат өз тілі мен мəдениетін пайдалануға құқылы») пен басқа да «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы», «ҚР тілдері туралы», «Мəдениет туралы», «Тарихи-мəдени мұралары объектілерін қорғау мен пайдалану туралы» заңдар Қазақстандық кез-келген азаматтың өз тілінде білім алу, дамыту мен мəдениетін уағыздауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Қазақстан ұлттары 2007 жылғы конституциялық реформаның нəтижесінде республиканың жоғарғы заң шығару органына өкілдер жіберу құқығына ие болды. Қазақстандағы ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы өздерінің ұлттық мүдделерін еліміздегі жоғарғы трибуна арқылы шешеді.

 Осылайша ҚХА Қазақстан ұлттарының мүддесін қорғаушы нақты механизмге айналды. Институционалдық деңгейде ұлтаралық келісімді қамтамсыз етуші негізгі ұйым ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы танылады. Ассамблеяның қол астында 22 республикалық жəне
аймақтық ұлттық-мəдени орталықтар жұмыс істейді. Олар өз кезегінде 470 астам облыстық, қалалық жəне аудандық ұлттық орталықтарды біріктіреді. ҚХА жұмысын жүргізуде оның аймақтық бөлімшелері – Кіші Ассамблеялар маңызды рөл атқарады. Қазақстан территориясының ауқымдылығы мен
оның аймақтарында ұлт өкілдерінің топтасып орналасуы ұлт мəселелерін шешетін арнайы ұйымдардың қажеттілігін тудырды.Ұлтаралық келісімнің ғылыми-əдістемелік деңгейде жүзеге
асырылуы төмендегідей шаралар арқылы жүргізіледі: ұлтаралық қатынастардың дамуының үрдісі мен жағдайының мониторингі; қауіп-қатерлерді айқындау; факторлық талдау мен қажетті
ұсыныстар жасау. 

Ұлттар арасындағы толеранттылық мəдениетін дамыту, ұлтаралық жəне дінаралық келісімді қолдау жəне дін мен ұлт мəселесіне қатысты қақтығыстардың алдын алу мəселесі ұлттық саясаттың ақпараттық қамсыздандыру жүйесін қалыптастыру қажеттігін көрсетеді. Осылайша, ұлтаралық келісімінің қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі принциптерге, яғни мемлекеттік саясаттың негізге алатын идеялардың, ұстанымдардың өзара тəуелділігіне сүйенеді. Оның ішінде маңыздылары ретінде: ашықтық пен жариялылық; заңдылық, қолданыстағы күштер, қаржы мен əдістерді заңды
тіркеу мен құқықтық реттеу, ұлттық құрылыс мəселелерін саясат- сыздандыру; ождандық бастамаларда гуманизм, əділеттілік жəне адамгершілікті ұстану; өзара көмек пен қолдау; қайшылықтардың алдын алу шараларын қарастыру жəне т.б. аламыз. Көптеген зерттеулер мен өмірлік тəжірибе көрсетіп отырғанындай ұлттар арасындағы келісім мен татулық этностардың өзара түсіністігі жағдайында ғана қол жеткізіледі. Бұл бағыттамəдениеттер арасындағы диалог қоғамның толеранттылығын артырады. Осыған сай Қазақстанда тəуелсіздіктің өткен жылдары стандарттарын зерттеп, республикада қабылдаумен қатар, осы саладағы қазақстандық тəжірибені де ұйымның күн тəртібіне ұсыну негізгі мақсат болуы керек. Бірақ, ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісін ЕҚЫҰ-на мүше-мемлекеттер үшін бейімдеу үшін тиімді жолын айқындап, Ұйымның мүшелері қатынасының əлеуметтік-саяси жүйесіне кірігу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Алмас Арзықұлов

Əдебиеттер:
1. Назарбаев Н.А. Повышение благосостояния граждан Казахстана
– главная цель государственной политики. Послание главы государства
народу Казахстана // Казахстанская правда. – 2008, февраль – 7.
2. Конституция Республики Казахстан. – Астана: Елорда, 2008.
– С. 8.
3. Казахстанская модель межэтнического согласия: состояние и
перспективы: сборник материалов научно-практической конференции.
– Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2007. – С.15, 88-95.
Ұлтаралық жəне дінаралық келісімнің қазақстандық тəжірибесі:
ЕҚЫҰ үшін ұсыныстар: халықаралық ғылыми-тəжірибелік конфе-
ренцияның материалдары (Алматы қ, 25 ақпан 2009 ж.). – Алматы:
ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2009.

Пікір жазу