Елімізде тұрақтылық пен бірлік, топтасқандық бағытын дамытуда Н. Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы қауымдастығы көпұлтты халқымыздыңсаяси-əлеуметтік, мəдени-ұлттық орталығы бола отырып, саяси жəне экономикалық реформаларды кең құлашты байсалды,тындырымды, нəтижелі негізде жүзеге асыруға үлкен үлес қосып келеді.
Қазақстанды қоныстанған көп ұлт ты халқымыздың азаматтық, ашық, зайырлы, демократиялық саяси-экономи калық жағы нан тəуелсіз қоғам орнатуға бір кісідей жұмылған біртұтас Қазақстан халықтарының толеранттылығын, конфес сия аралық жəне ұлтаралық келісімін, туысқандық бірлігі мен достығын одан əрі да мытып, нығайтуды көздеген Қазақстан хал қы Ассамблеясы өз ал ды на қойған мақсаттарын абыройлы атқаруда. Оны біз бүгінгі таңдағы еліміздің экономикасының қарыштап дамуы мен елдегі саяси тұрақтылықтан жəне Қазақстанда мекен ететін барлық ұлыстар мен ұлттардың бір кісідей жұмылып оны əлемнің дамыған зайырлы мемлекеттері қатарына қосуға деген ұмтылыстарынан байқаймыз.
Осы тұста өзінің тарихында, жалпы, мемлекеттік құрылымдық ғұмырында Қазақстан ерекше ел болып қалыптасқанын айта кеткеніміз абзал. Өзінің тағдыр-талайында, біртұтас бола білудің жауапкершілігін көрсеткен кезеңі ондағы ұлттар мен ұлыстардың үлкен жауапкершілігін көрсетсе керек. Біздің бақытымыз да сол, Қазақстан аз уақыттың ішінде əлемдік қоғамдастықтың алдыңғы қатарлы көшіне қосылды. Тəуелсіздік алған 15 жыл ішінде талай өзгерістер болып, дұрыс таңдау жолымен алға батыл қадам бастық. Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына қойылған басты міндет – қоғамның белсенді саяси, біріктіруші күші болуға қабілеттілігін танытуеді. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар саласындағы саясатөзінің толық мағынасында көп ұлтты жəне көп дінді мемлекетекенін қастерлей отырып, қоғамдық-саяси тұрақтылық жағдайдысақтауда бай тəжірибеге ие болды. Осындай бірегей сан ұлттығыбар Қазақстан ТМД елдерінде орын алған кейбір қайғылы жағдайларға жол берген жоқ. Мұның бəрі ортақ мемлекеттік мүддеге біріктірілген, шын мəніндегі жүргізіліп отырған ұлттық стратегияның құндылығын көрсетеді. Президент Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына 2007 жылғы Жолдауында «Қазақстан халықтары Ассамблеясы, міне, он жылдан астам уақыт бойы көпұлтты Қазақстан халқын біріктіру міндеттерін ойдағыдай шешіп келеді» деп жылы лебіз білдіре келіп, «Осы қоғамдық институттың рөлін арттыра беру қажет деп ойлаймын» деп атап көрсетті [1]. Президенттің жыл сайынғы Парламенттің бірлескен мəжілісінде жасайтын Қазақстан халқына Жолдауында, халықтар Ассамблеясының сессияларындажариялаған баяндама ларында ұлтаралық бірлік, ынтымақтастықтақырыбы мейлінше тереңнен қозғалып, жан-жақты міндеттер мен, болашаққа жасалып отырған жаңа əрекет, қадам дарментығыз ұштастырылады. Бірлік пен келісім Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылғы желтоқсанда өткен Қазақстан Халықтары І-ші форумында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев айтқан еді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды [2]. Ассамблея алғаш өмірге келген күннен-ақ көп ұлтты еліміздің қасиетті орталығына айналды. Əр этнос өздерінің ұлттық-мəдени орталықтарын құрды. Олар тұңғыш Президентіміздіңтөңірегіне тығыз топтасып, өздері мекен еткен Қазақстанныңэкономикасын, мəдениетін өрге бастыруға бір кісідей жұмылды. Тəуелсіздік жолымен ілгері бас қан еліміздің халықтары барлық істе үлкен ұйымшылдық көрсетті. Олар өздерінің көкейкесті өмірлік маңызы бар мəсе лелерін Ассамблея сессияларында еркін, кең талдау жағдайында шешуге қол жеткізді. Өзінің он жылданонда қоғам өмірінің маңызды əлеуметтік-саяси мəселелерін талқылады. Бүгінде елімізде 500-ге тарта ұлттық-мəдени орталық бар. Олар көпұлтты халқымыздың саяси сана-сезімін байыту, ұлттар мен ұлыстардың өзара бірлігін күшейту, ұлттық салт-дəстүрлерді дамыту жолында халықтар сеніміне ие болды. Бұл – жүйелі, жемісті саясат болғанын өмір өзі дəлел деді. Қазақстанды Отаным дейтін көкіре гінде сəуле бар адамдардың бұған көзі толық жетті. Қазақстандағы ұлттық бірлік саясатының тұрақтанып, нəтижелі жұмыс істеуін толып жатқан халықаралық инсти туттар да мойындады. Қазақстан ұлтаралық қатынас саясатында əлемдік кеңістікте əрқашан өнеге тұтатын ел болып қала береді. Қазақстандық тəжірибе, яғни Қазақстан Халқы Ассамблеясы дүниежүзілік деңгейде, Біріккен Ұлттар Ұйымында жəне Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйымда өзінің жоғары бағасын алды. Шынында да, бұл – əлемдік жұртшылықтың назарын аудартқан ерен құбылыс. Ассамблея Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар проблемасын тиімді шешуге зор ықпал жасап, еліміздің халықаралық беделін көтеруге үлес қосуда. Қазақстанда этносаяси, саяси, рухани жəне ұлттық саладағы жүргізілген реформалардың дұрыстығына əлем қызыға қарайды. Сол себепті, көрші республикалардың қоғам жəне мемлекет қайраткерлері ұлтаралық келісімді сақтауда жəне оны дамытуда Қазақстандық тəжірибені қолдануға көптеп қызығушылық танытуда.Осы Қазақстандық ұлтаралық қатынас үлгісін одан əрі дамыту жəне жетілдіру мақсатында мемлекет тарапынан қыруар жұмыстар атқарылуда. Өз кезегінде Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Ассамблея ның мəртебесін көтеру жөнінде нақты ұсы ныстар айтқан еді, осы бағытта енді Ассамблея туралы заң қабылдау жəне аталған органның қоғамдағы рөлін күшейту жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүмкіндігін толығығымен пайдалануда, яғни оны тек елдегі этностардың арасындағы қарым-қатынастарды, олардың тілдері мен мəдениетін дамытумен бірге, елдің дамуына жұмылдыру, жастарды патриоттыққа тəрбиелеу, ел экономикасын дамытуға жəне т.б. ел өміріндегі маңызды істерге кеңінен араласу мүмкіндіктері қарастырылуда. Ассамблея өкілдері, шағын жəне орта бизнесті, өнеркəсіп пен ауыл шаруашылығын, білім мен ғылымды жəне инновациялық технологияларды дамытуда əлі-ақ өз сөзін айтып, үлкен беделге ие болатынына осы тəуелсіздіктің өткен 15 жылында көрсеткен нəтижелерінен байқауға болады. Қоғамның саяси өмірінде де, адамдардың күнделікті тіршілігінде де тіл – ешбір теңдесі жоқ аса қуатты құрал. Тілдің осы қызметі тұрғысынан алғанда бұл Қазақстан тəжірибесінде айрықша маңызды. Себебі – елімізді мекен еткен 130 ұлт пен ұлыс осынша тілде сөйлейді. Біздер тотали таризм тұсында бір тілде – тек орыс тілінде сөйлеп, сол тілмен өмір кештік. Одақ тарап, тəуелсіздік жолға түскен Қазақ стан қайсы тілде сөйлеуі керек еді? Əрине, жердің, елдің иесі – қазақ тілінде! Бірақ миллиондаған халыққа тек қазақ тілінде күш теп бір күнде нұсқау беру ақылға сыймайды. Сондықтан ел басқарудың терең білгірі Елбасы Н.Ə. Назарбаев қазақ тілін Конституцияда мемлекеттік тіл деп бекітудің табан ды жақтаушысы болды. Бұл ұсыныс солай қабылданды да. Қазіргі кезеңде мемлекеттік тілге біртіндеп көшудің сындарлы бағдар лама сы енгізілді. Осы бағдарлама қоғам өмірінде кең қолдау тапты. Қазір қазақ тілін меңгеру жылма-жыл өріс алып отыр. Қазір мемлекеттік тіл мəртебесіне ие қазақ тілін үйренуге деген ынта-ықылас та жақсы. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің абырой биігі, баршаның құрметтеуге тиіс қарым-қатынас құралы. Қолымызда бар соңғы деректерге жүгінсек, республикамызда тұратын 6 млн 968 мың этностық өкілдердің 1,5 миллионы мемлекеттік тілді еркін меңгеріп, сөйлей алады. Қазір қазақстандықтардың 65 пайызы қазақ тіліне жетік, 18 этнос өкілдерінің 60-80 пайызы қазақ тілін жақсы біледі. 45 этностың өкілі қазақ тілін өз тіліне қарағанда жақсы біледі. Мұны, мысалы, этнос өкілдеріне қаратып айтар болсақ, болгарлардың 29 пайызы, корейлердің 28,8 пайызы жəне еврейлердің 17,6 пайызы қазақ тілінде сөйлей алады. Қазақстан халқы ассамблеясы, ең алдымен, мемлекеттік тілді кең насихаттауды алға қойған. Осы мақсатта жер-жерде жəне республика деңгейінде арнайы конкурстар өткізуді жүйелі жүргізіп келеді. Ассамблеяның ХХІІ сессиясында да мемлекеттік тіл мəселесі назардан тыс қалған жоқ. Елбасы мемлекеттік тілге деген құрметтің, оны қастерлеудің жəне оны дамытуға қолданыс аясын кеңейтуге деген құлшыныс Отанға деген патриоттық сезімнің ажырамас бір бөлігі екендігін тағы бір қадап айтып өтті. Осы жолы мемлекеттік тілдің латын əліпбиіне көшетіндігі белгілі болды. Бұл мемлекеттік тілдің дамуына, өмірдің жаңа сұраныстарына толық жауап беруіне, жаһандық үрдісте жылдам бейімделуіне ықпал етпек. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңейіп келе жатқандығына қарамастан, оны одан əрі жетілдіру бағытында Елбасы біраз ойларын ортаға салды. Мемлекеттік тіл – тəуелсіздіктің бір тірегі. Тілдің дамуы мемлекеттің дамуымен жəне оның өркендеуіне тікелей қатысты. Сондықтан оған əр бір Қазақстандық азаматтың аса жауапкершілікпен қарағаны абзал. Қазақстандағы барлық халықтардың тілдерін дамытуға, ұлттық білім беру жүйесін жетілдіруге, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын жақсартуға жəне ұлттық мəдениетті қорғаудың құқықтық тетіктерін нығайтуға заңдық негіз жасалған. Бұл тұрғыда, дүние жүзінде Қазақстандағыдай өнеге жоқ екендігін мақтанышпен жеткізуге болады. Мысалы, «Украінські новини» Украинадан шет жердегі украиндық емес үкімет қаржыландырып отырған осы тілдегі жалғыз газет. Корей тілінде шығатын «Кореильбо» туралы да осыны айтуға болады. Жалпы, ұлттық тіл саясатында нақты тетіктер тиянақталып, жасалынған. Қазір республикамыздың мектептері тоғыз тілде – қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тəжік, украин, татар, неміс жəне ағылшын тілдерінде білім береді. Сөйтіп, Қазақстан Халқы Ассамблеясы өзінің азғантай ғана ғұмырында елімізге ғана емес əлемнің басқада мемлекеттеріне азық болатындай тəжірибе жинақтады. Соңғы кездері халықаралық қауымдастықта ұлтаралық келісімнің «қазақстандық формуласы» жөнінде көптеген оң пікірлер айтылуда. Ассамблея өкілдерінің Еуропалық Одаққа, АҚШ-қа барған соңғы сапарларында да қызығушылық танытқандар аз болған жоқ. Ал планетадағы этностық қақтығыстардың себептері сан алуан. Алайда олардың көпшілігінің негізінде үш басты проблема жатыр. Біріншіден, жаhандану халықтардың өзара ықпалдасуын кеңейтеді. Ол барлық қоғамдардың технологиялар жетістігін білуіне мүмкіндік береді, экономикалық құрылымдарды түбегейлі өзгертеді, дүниені біртұтас коммуникациялық жүйеге айналдырады. Бірақ сонымен бірге ол көптеген адамдардың бойында өздерінің тарихи негіздерінен – ұлттық біртектілігінен, тілінен, мəдени жəне діни дəстүрлерінен айырылудың табиғи қаупін туындатады. Бұл сезімдер кейде басқа этностық жəне діни құндылықтарды əкелушілерге деген жек көрушілікті туғызады. Екіншіден, жаһандану салдарынан кейбір ұлттық мемлекеттерде əр түрлі бағыттағы ішкі қарама-қайшылықтар өршуде. Үшіншіден, ұлтаралық қақтығыстардың көпшілігіне əлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешілмегендігі себеп болуда. «Жек көрушілік – бұл кедейлердің ашу-ызасы» екендігі дұрыс айтылған. Планетада сегіз жүз миллионға жуық аш адамдар бар, миллиардтан астамы – бестен бір бөлігі – күніне бір доллардан кем жағдайда өмір сүреді. Ал орасан зор байлықтар халықтың бар болғаны жиырма пайызының қолында. Міне, бұл ашу-ыза осындайдан туындайды. Қазіргі дүниеде ол басқа халықтардың өкілдеріне қатысты экстремистік əрекеттерден лаңкестік актілерге дейін өткір қақтығыстық формаға көшуде. Осылайша, ғасырлар тоғысында дүние этносаралық қатынастар шиеленісінің өткір кезеңін бастан кешіп отыр. ХХІ ғасырдың басты проблемаларының бірі – адамзаттың ұлтаралық келісімнің əмбебап формуласын талдап жасамағанында болып отыр. Бұл проблеманың орасан зор қиратушылық əлеуеті бар, ол бейбітшілікке төнген көптеген жаһандық қатерлер мен сынақтардың негізінде жатыр» деді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының 10 жылдығында сөйлеген сөзінде. Сондықтан, Қазақстандағы ұлт аралық келісімге қол жеткізудің басты себебі, бұл – экономикалық өсімде, халықтың тұрмысының айтарлықтай түзелуінде. Бірақ соған қарамастан, біраз шешімін күтіп тұрған мəселелердің де бары жасырын емес, «орыс мəселесі» уақыт аралап саяси өмірдің тақырыбына айналуда. Оны үнемі саяси қозғалыстар мен ұйымдар өкілдері бұқаралық ақпарат құралдарында қолдан ұйымдастыруда. Қазақстандағы кейбір ұлттық диаспора өкілдерінің білім алуға деген құштарлықтары мүлдем төмендеп кеткен, 1999 жылы елде жүрген соңғы санақбілім алуға құлық танытқан. Ал басқа ұлт өкілдерінің білім алудан бас тартулары мен талпынбаулары республикадағы жұмыссыздық пен қылмыстың өсуіне əкеп соғуда. Осы мəселені оңтайлы шешу мақсатында республикада мекендейтін ұлттар мен ұлыстардың өкілдерінің білім мен мамандық алуларына мүмкіндік беретін бір жоғарғы оқу орнын ашу жоғарыда аталған қордаланған мəселелерді шешіп қана қоймай, жас ұрпақты отан сүйгіштік бағытта тəрбиелеуге мүмкіндік берер еді. Оппозиция өкілдері елдегі ұлттық жəне ұлтаралық мəселелер бойынша тұшымды ұсыныстар айтудың орнына, республика этностарының күрделі мəселелерін шешуде биліктің жіберген кейбір кемшіліктерін шұғыл түрде көпшіліктің көңілін өздеріне тарту мақсатында жариялаудан жалығар емес. Саяси партиялардың билік үшін күресуде ұлттық қозғалыстарды, мəдени орталықтарды пайдалану, оларды саясиландыру қарқынға айналуда. Ұлтаралық келісімді сақтаудағы маңызды сұрақтардың бірі, бұл кадр мəселесі. Соңғы кездердегі, соның ішінде 2006 жылғы Атырау мен Ақтаудағы оқиғалар – ашық түрде топшылдыққа бөлінудің айқын көрінісі. Сырттан келген басшылар мен олардың командаларына жергілікті халықтың наразылық білдірулері, мемлекеттік кадр саясатына түзетулер енгізуді қажет етуде. Кадр саясатындағы ұлтаралық қайшылықтарды жоюды, бірінші кезекте, этникалық топтар тығыз орналасқан аудандардан бастаған жөн (жергілікті мəслихат, əкімшілік, муниципалитет, əлеуметтік сала өкілдері ретінде). Мемлекеттік тілді меңгерген этникалық топ өкілдерін мемлекеттік қызмет жүйесінде басшы қызметтерге тағайындау тəжірибесін кеңінен қолдануымыз қажет. Қазақстанды мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстарға тең жағдай жасалынған. Мемлекеттің игілігін бəрі бір кісідей тең пайдалануда. Билік ұлтаралық келісімді сақтап, дамытуда жəне қазақылық кеңшілікті танытуда аянған емес. Сондықтан Қазақстанда келісім мен ұлтаралық татулықты қазақ ұлтының есебінен, мүддесін шектеу арқылы қалыптастыруға еш бір болмайды, керісінше барлығы қазақтардың төңерегінде топтасып, өз тілдері мен салт-дəстүрін қазақтың төл мəдениетімен ұштастыра отырып дамытулары тиіс, «ал кейбір маргиналдар қазақтың кеңпейілдігі мен қонақжайлылығын əлсіздік пен жалтаңдықпен шатастырып түсінуде». Осындайда жазушы, тəуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Дулат Исабековтың: «… ортақ (қазақстандық) ұлт қалыптастыру мүмкін емес, өйткені Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың қазақ жерімен шынайы байланыстары жоқ, ол олардың уақытша мекен ететін территориялары, кез-келген жағдайда олар өздерінің тарихи Отандарына қайтып кетуі ғажап емес» – деген сөзі еске түседі [3]. Сондықтан ұлтаралық келісімнің қандайда бір үлгісі, бастамасы немесе реформалары болмасын бірінші кезекте жергілікті ұлттың яғни қазақтың ұлттық ерекшеліктері ескерілуі тиіс.
Əдебиеттер:
2. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. –Алматы: «Эдельвейс». 104 б.
3. Козыбаев И.М. Некоторые аспекты гармонизации межэтнических
отношений в Казахстане // Казахстанская модель межэтнического согла-
сия: проблемы и перспективы: Сб. мат. науч.-практ. конф. — Алматы:
Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте
РК, 2007. Казахстан в современном мире: реалии и перспективы. – Алматы:
КИСИ при Президенте РК, 2008.__
Нұрлан Сейдін