(«Ислам және Өркениет» газетінде «Бояма бетпердесіз Хизбут тахрир» деген атпен шыққан).

Соңғы жылдары елді дүрліктірген мәселенің бірі «Хизбут тахрир» аталмыш топтың іс-әрекеттері. Енді осы топтың шығу тегі мен ұстанымы жайлы айтатын болсақ, бұл топ 1953- жыл Иорданияда, тәуелсіз Палестин мемлекетін құруды мақсат тұтқан палестиналық арабтар тарапынан құрылған. Басқа бір деректе айтылуынша, сол жылы Құддыста (Иеруссалимде) дүниеге келген радикал ұйым.

Ұйымның негізін салған Тахуддин Наббахани (1909-1979). Ол алдымен, 1928- жылы Мысырда (Египетте) дүниеге келген «Мұсылман бауырлар» ұйымының иорданиялық бөлімшесінің жетекшілерінің бірі болатын. Кейіннен кейбір көзқарас қайшылықтарына байланысты ол ұйымнан шығып, өз алдына «Хизбут тахрир әл-исләми» – «Ислам азаттық партиясы» деген ұйымның негізін қалады. Бұл партияның идеологиялық платформасы Тахуддин Наббаханидің «Ислам жүйесі (системасы)», «Хизбут тахрир тұжырымдамасы (концепциясы)», «Ислам жағдайы» немесе «Ислам әлеміндегі күшті үндеу», «Демократия – күфір (дінсіздік)» деген шығармаларына негізделген.

Ондағы алға тартылатын басты мәселе, Ислам халифатын қайта құру, яғни, шариғат үкімдерінің негізінде басқарылатын, Америка, Совет Одағы (Ресей) сықылды алпауыт империялардың саяси да әскери қысымдарына төтеп бере алатын Ислам империясын құру. Топ мүшелері өз идеяларын әуелі Израилмен соғыс жағдайындағы Иордания мен Мысырда және Израилды жек көретін Ливия мен Сирияда таратуға әрекеттеніп бақты. 

Бірақ, Мысыр мен Израил бітімге келіп соғыс аяқталған соң, жағдай өзгеріп Мысырдың муфтилері «Хизбут тахрирдың» ұстанған жолы «Әһлі сүннә уәл жамаға» сеніміне сай келмейтіні туралы бірқатар фәтуәлар шығарып, ұйымның жұмысына тиым салынды. Сәтсіздікке ұшыраған хизбшылар өз бақтарын бірнеше ғасыр бойы халифаттық жүйені ұстанып келген Туркияда сынап көруге әрекеттеніп бағады. 

Бірақ, ханафи мазһабын ұстанатын түріктер жат ағымды жанастырмайды. Кейбір мәліметтерге сүйенетін болсақ, олар өз бақтарын Кувейтте де сынап көрген. Бірақ, уәһһәбизм бағытын ұстанатын кувейттіктер оларды маңайларына да жолатпайды. «Хизбут тахрирдің» бағы Совет Одағы Ауғанстанға өз әскерін кіргізгеннен бастап жана бастады. Соғыс жағдайын пайдаланып, «Кәпірлерге қарсы жихад жариялау» ұранын малданған хизбутшылар өз қатарларын молайтып, біршама танымал болып алды. 

Сөйтіп, 1988- жылдан бастап «Әл-уаъй» (Сана-көзқарас) деген журнал шығара бастады. Штаб-квартирасы Лондон қаласында, ТМДның дерлік барлық республикаларында жасырын бөлімшелері бар. «Хизбут тахрир» көсемдері өздерінің шығаратын шешімдерін шариғат ережелеріне емес, өз саяси көзқарастарына негіздеп шығарады. Соның салдарынан көптеген шариғатқа сай келмейтін үкімдерді шариғат үкімі ретінде ұсынады. Мысалыға олар демократия туралы қатаң түрде «Демократия – күфір, яғни, кәпірлердің ойлап тапқан жобасы» деп үкім шығарған. 

Олардың пікірінше қайбір ел демократия жолын таңдаған болса, онда олар күфір жолын таңдағаны. Өйткені, демократия Шығыс елдеріне Батыс елдерінен кіріп келген зайырлы мемлекет жобасының үлгісі (көшірмесі). Ол жоба иләһи тағлымға емес, расында адам ақылынан туындаған білімдерге негізделген болып Ислам дінінің түпкі мән-мақсатына қайшы. 

Сондықтан, ол ұстанымды қабылдауға болмайды деп үгіт жүргізеді. Олардың мұндай қателікке тап болуларының негізгі себептерінің бірі – діни сауатсыздықтары. Өйткені, Хизбут тахрир көсемдері өз мүшелеріне діни білім үйретуге өте аз мән береді. Яғни, жалпы білім беруге арналған уақыттың небәрі 10-15 пайызын ғана шариғат ілімдеріне арнайды. Ал, қалған басым бөлігінде саясат, социология сықылды дінге қатысы жоқ пәндер оқытылады.

 Cондықтан, оларды діни топ дегеннен гөрі діннің шапанын жамылған саясаткер топ деген жөн. Осыған қарамай, олар өздерін «Әлі Имран» сүресінің 104- аятында айтылғандай, жұртты жақсылыққа шақыратын, әмр мағруф жасап баршаны күфірден – демократиядан тосатын нағыз Ислам жолындағы ізгі топ деп біледі. Әрине, халық арасында олардың арандатушылығын қабылдаған көңілшектер де, тіпті діннен ешбір хабары жоқ надандар да ұшырасады. Дәл осы жағдай ел арасында алауыздық туындауына әкеледі. Осы тұрғыдан қарағанда олардың асыл дінімізге келтірер зияны орасан.

Ал енді, «Әлі Имран» сүресінің 104- аятындағы «үмбет» сөзі «Хизбут тахрир» сияқты топқа қарата айтылған ба?- деген мәселені қарастыратын болсақ, бұл аяттағы «үмбет» сөзінің шарғи мағынасы жайлы ғұламалар былайша түсініктер айтқан:

1) Кейбір аудармаларда «Бір Ислам қоғамы болуы шарт» деген пікір айтқан, бірақ, оның дұрыс еместігін біздің мазһабтың ғұламалары.

2) Айтылған пікірлердің екінші түріне хазірет Құртұбидың «Үмбет» сөзінен дін ғұламалары деген мағына шығады. Өйткені, әмр-мағруф жасау үшін адам ғалым болу уәжіп (міндет). Сондықтан, әмр-мағруф пен нәһй мүнкәр жасау парыз кифая, сөйтіп тек ғалымдар үшін ғана парыз»- деген тұжырымын жатқызуға болады. Құртабидың бұл пікірін біз жоққа шығармаймыз, бірақ оған әмр-мағруф пен нәһй мүнкәр жасайтын ғалымдар сәләф ғұламалары (Имам Ағзам, имам Мәлик, имам Шафиғи, имам Ханбал) сияқты сенімді ғалымдардың нұсқап берген «Әһлүс сүннә уәл жамаға» бағытынан ауытқымаы тиіс деген талап қойылады. 

Олай дейтініміз, кейінгі шыққан ғалымдардың арасында «Әһлүс сүннә уәл жамаға» бағытынан ауып кеткендері де кездеседі. Егер назар аударсақ, қазіргі кездегі болып жатқан бүліктердің шығуына соңғы ғасырларда пайда болған түрлі ғалымсымақтардың дінді бұрмалаулары себеп болуда. Бұл өзекті мәселенің анық-қанығына жету үшін хадистерге жүгінетін болсақ, келешекте мұндай шолақ ғалымдардың шығатыны туралы Расулулла(с.ғ.с.)сол кездің өзінде ақ айтқан болатын.

 Мысалы хазіреті Ымран бин Хусайн жеткізген хадисте Пайғамбарымыз(с.ғ.с.):«Адамдардың жақсысы(шыншылы)менің ғасырымдағылар(яғни, мені көрген сахабалар. олардан),соң оларды көргендер(табиындер. Олардан),соңоларды(табиындерді)көргендер (тәбе табиындер).Олардан соң күәлік берусұралмаса да(өздігінен түкке тұрмайтын нәрселер туралы да ант ішіп)куәлік беретін,семіз(сөз)геқұмар,(сөзіне өтірік қосып лепіріп)семіріп кететін қауым келеді»– деген.Осыған ұқсас тағы бір хадисте«Балықтың арық немесе семіздігі жөнінде де ант іше беретін қауым келеді»делінген. 

Расулулланың(с.ғ.с.)осы ескертулеріне сүйенетін болсақ, сахабалардың, табиындердің, тәбе табиындердің шығарған шарғи үкімдері (жалпы сол дәуірдегі шығарылған фәтуәлар) олардан кейін шыққан әрқандай ғалымның немесе ғалымсымақтың шығарған үкімдерінен сан мың есе абзал, әрі сенімді. Ендеше, кем дегенде сегіз сахабамен кездесіп, олардан Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.)сүннетін үйренген және көптеген атақты табиындермен тікелей қарым-таныста болып, олармен білім алмасқан атақты табиын – біздің ұлық ұстазымыз Имам Ағзам Әбу Ханифа(р.а.)атақ-дәрежесі жағынан да, білімінің тереңдңгң, сенімділігі жағынан да өзінен кейін шыққан ғалымдардың бәрінен де жоғары.

 Одан кейінгі имамдар: Мәлик, Шафиғи және Әхмадтар(р.а.)болса табиындер мен тәбе табиындердің заманында өмір сүрген. Сондықтан, қай елде осы аталған төрт ғалымның қайсысының мазһабы қалыптасқан болса, ол елде тек сол аталған мазһаб шариғатын ұстану міндет болады. Бұған көптеген дәлелдер бар, оның бірі «Ниса» сүресінің 59- аятындағы:«Ей иман келтіргендер(момындар),Аллаға итағат етіңдер(бойұсыныңдар)!Және Расулға бойұсыныңдар! Сондай-ақ өз араларыңнан шыққан әмір иелеріне(басшылар мен имамдарға)бойұсыныңдар»!– деген үкім. Мұнда баяндалған «Аллаға бойұсыну» – Құранға бойұсыну, сөйтіп оған ілесу. «Расулға бойұсыну » – Мұхаммедтің(с.ғ.с.)сүннетін мойындап, оны берік ұстану.

 «Өздеріңнен шыққан әмір иелері» деген сөздің шарғи мағынасы фәтуә шығару дәрежесіне жеткен діни ғұламалар мен үкім шығару құқығына ие басшылар. Хазіреті Ибн Аббас(р.а.)«Әмір иелері» дегенді ғұламалар деп тәпсірлеген. Аяттағы осы үкімге байланысты, қай елде болсын ондағы тарихи жағдайларға қарай қалыптасқан діни мазһабты ұстану уәжіп. Бұған дәлел ретінде айтар болсақ, аятта сырттан келген ғұламаларға деп айтылған жоқ, онда өз араларыңнан шыққан, яғни, жергілікті ғұламаларға бойұсыныңдар деп бұйрық берілген. Ал мына хадисте Хузайфа бин Яман(р.а.)былай деген:

حَدَّثَنِي مُحَمَّدُ بْنُ الْمُثَنَّى حَدَّثَنَا الْوَلِيدُ بْنُ مُسْلِمٍ حَدَّثَنَا عَبْدُ الرَّحْمَنِ بْنُ يَزِيدَ بْنِ جَابِرٍ حَدَّثَنِي بُسْرُ بْنُ عُبَيْدِ اللَّهِ الْحَضْرَمِيُّ أَنَّهُ سَمِعَ أَبَا إِدْرِيسَ الْخَوْلَانِيَّ يَقُولُ سَمِعْتُ حُذَيْفَةَ بْنَ الْيَمَانِ يَقُولُا كَانَ النَّاسُ يَسْأَلُونَ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَنِ الْخَيْرِ وَكُنْتُ أَسْأَلُهُ عَنِ الشَّرِّ مَخَافَةَ أَنْ يُدْرِكَنِي فَقُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ إِنَّا كُنَّا فِي جَاهِلِيَّةٍ وَشَرٍّ فَجَاءَنَا اللَّهُ بِهَذَا الْخَيْرِ فَهَلْ بَعْدَ هَذَا الْخَيْرِ شَرٌّ قَالَ نَعَمْ فَقُلْتُ هَلْ بَعْدَ ذَلِكَ الشَّرِّ مِنْ خَيْرٍ قَالَ نَعَمْ وَفِيهِ دَخَنٌ قُلْتُ وَمَا دَخَنُهُ قَالَ قَوْمٌ يَسْتَنُّونَ بِغَيْرِ سُنَّتِي وَيَهْدُونَ بِغَيْرِ هَدْيِي تَعْرِفُ مِنْهُمْ وَتُنْكِرُ فَقُلْتُ هَلْ بَعْدَ ذَلِكَ الْخَيْرِ مِنْ شَرٍّ قَالَ نَعَمْ دُعَاةٌ عَلَى أَبْوَابِ جَهَنَّمَ مَنْ أَجَابَهُمْ إِلَيْهَا قَذَفُوهُ فِيهَا فَقُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ صِفْهُمْ لَنَا قَالَ نَعَمْ قَوْمٌ مِنْ جِلْدَتِنَا وَيَتَكَلَّمُونَ بِأَلْسِنَتِنَا قُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ فَمَا تَرَى إِنْ أَدْرَكَنِي ذَلِكَ قَالَ تَلْزَمُ جَمَاعَةَ الْمُسْلِمِينَ وَإِمَامَهُمْ فَقُلْتُ فَإِنْ لَمْ تَكُنْ لَهُمْ جَمَاعَةٌ وَلَا إِمَامٌ قَالَ فَاعْتَزِلْ تِلْكَ الْفِرَقَ كُلَّهَا وَلَوْ أَنْ تَعَضَّ عَلَى أَصْلِ شَجَرَةٍ حَتَّى يُدْرِكَكَ الْمَوْتُ وَأَنْتَ عَلَى ذَلِكَ * { صحيحين، ابن ماجة ، احمد}

«Адамдар Расулұлладан(с.ғ.с.)жақсылық туралы сұрайтын еді, мен жамандық туралы сұрақтайтын болдым. Сөйтіп(күндердің бірінде былай деп)сұрадым: «Я, Расулалла, біздер(жаһилият дәуірінде)надандық пен азғындықта(өмір сүретін)едік. Ал, енді Алла бізге осы жақсылықты(Ислам дінін)келтірді. Міне, енді осы жақсылықтан соң жамандық(діннен азғындау)бар ма»?(Расулұллас.ғ.с.):«Иә»- деді. Мен тағы да сұрадым: «Ол жамандықтан соң жақсылық келе ме?(Расулұллас.ғ.с.):«Иә, дегенмен онда бықсық(азғындық)болады»- деді. 

«Ондағы бықсық не нәрсе»?- дедім.(Сонда)ол былай деді: «Менің сүннетімнен(ауытқып, одан)өзге бидғаттарды ұстанатын қауымдар пайда болады және олар менің һидаятымды(елемей)қойып, азғындағандарға ілесетін болады. Мен және сұрадым: «Ол жақсылықтан соң жамандық келе ме?»(Расулұллас.ғ.с.):«Иә,(онда)тозақтың есіктеріне қарай шақырушылар(пайда болады).Кімде-кім оларға құлақ асса(ілессе)соныоның(тозақтың)ішіне лақтырады(тозаққа түсуіне себепші болады)«- деді. Сонда мен: «Я, Расулұлла, оларды бізге сипаттап берсеңіз екен»- дедім. 

Ол: «Жарайды(сипаттайын),ол адамдар да біздер сияқты(адам кейіпіндегі)адамдар(бірақ, жүректері шайтанның жүрегі)және олар да біздер сияқты сөйлейді(бірақ, тозаққа қарай үндейді)«- деді.(Сонда)Мен(сонда)сұрадым: «Я, Расулұлла, егер сол жағдай маған кездесе қалса, қандай жол көрсетесіз? Ол былай деді: «Саған мұсылмандар жамағаты мен олардың имамы лазым(мұсылмандар жамағатын іздеп тауып, олардың имамына ілесуің қажет)!Сонда мен тағы да сұрадым: «Ал, егер(ол жерде)мұсылмандар жамағаты да, имамы да болмаса ше?(Расулұллас.ғ.с.):«Ол фирқалардың бәрінен өміріңнің соңына дейін бас сауғалап шығып кет! Тіпті ағаштың өзегіне жабысып қалған болсаң да(тіпті ағаштар мен шөптердің тамырын жеп өмір сүрсең де)сен солай істе»- деді.

Түсінік:Бұл хадисте де жергілікті имамға ілесу керек екендігі туралы үкім берілген. Ендеше, әркімге өзі тұрған жердегі жергілікті мазһабты ұстану уәжіп. Өйткені, жергілікті имамның өз елінде қалыптасқан мазһабты ұстануы табиғи жағдай. Осы хадистің имам Мүслим келтірген мәтінінде:

قَالَ قُلْتُ كَيْفَ أَصْنَعُ يَا رَسُولَ اللَّهِ إِنْ أَدْرَكْتُ ذَلِكَ قَالَ تَسْمَعُ وَتُطِيعُ لِلْأَمِيرِ وَإِنْ ضُرِبَظَهْرُكَ وَأُخِذَ مَالُكَ فَاسْمَعْ فَاسْمَعْ وَأَطِعْ *

(Хұзайфа бин Яман Пайғамбарымызға с.ғ.с.):«Я, Расулұлла, егер сондай жағдайға кездессем, не істеймін»?- деді.(Пайғамбарымыз с.ғ.с. жауап қайырып)былай деді: «Әмірдің сөзін тыңдайсың, сондай-ақ оның үкіміне бойұсынасың! Тіпті сенің(қылмысыңа жаза ретінде)арқаңа дүре соғылса да және(қазына қажеттілігі үшін салық ретінде)мал-мүлкің алынса да,(әмірді)тыңда, әрі(оған)бойұсын»!

Түсінік: Бұл мәтінде Елбасының және түрлі деңгейдегі билік иелерінің үкімдеріне бойұсыну уәжіп екендігіне тікелей нұсқау бар. Осы хадистің үкіміне байланысты Елбасының (патшаның, президенттің) бұйрығына бойұсыну уәжіп. Сондай-ақ, Елбасының бұйрығына бойұсыну Пайғамбардың(с.ғ.с.)үкіміне бойұсыну болып табылады. Ал, Пайғамбардың(с.ғ.с.)үкіміне бойұсыну – Алла Тағала үкіміне бойұсыну. Бұған дәлел ретінде Әбу Хурайра(р.а.)риуаят еткен мына хадисті келтіруге болады, онда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

حَدَّثَنَا يَحْيَى بْنُ يَحْيَى أَخْبَرَنَا الْمُغِيرَةُ بْنُ عَبْدِ الرَّحْمَنِ الْحِزَامِيُّ عَنْ أَبِي الزِّنَادِ عَنِ الْأَعْرَجِ عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ مَنْ أَطَاعَنِي فَقَدْ أَطَاعَ اللَّهَ وَمَنْ يَعْصِنِي فَقَدْ عَصَى اللَّهَ وَمَنْ يُطِعِ الْأَمِيرَ فَقَدْ أَطَاعَنِي وَمَنْ يَعْصِ الْأَمِيرَ فَقَدْ عَصَانِي* { صحيحين، ابن ماجة ، احمد}

«Кімде-кім маған бойұсынса,(онда оның)Аллаға бойұсынғаны. Ал енді, кім маған бойұсынбаса,(онда оның)Аллаға бойұсынбағаны. Сондай-ақ, кім әмірге(патшаға, яки өздерінің имамдарына)бойұсынса – маған бойұсынғаны. Ал, кім әмірге бойұсынбаса(ол оның)маған бойұсынбағаны»-деп үкім берген.

Бұл хадистің үкімін қуаттайтын бірнеше аяттар бар. Солардың бірі «Хашр» сүресінің 7- аяты. Онда:«Сендерге Расул не(үкім)келтірген болса, оны ұстаныңдар. Ал енді, не нәрседен тыйған болса одан тыйылыңдар. Алладан қорқыңдар, сөз жоқ Алла(Пайғамбарғас.ғ.с.бойұсынбағандарды)қатты азапқа салады»деп үкім берілген.

Оған қоса Тирмизи де, Әбу Дәуд та риуәят еткен мына хадисте Пайғамбарымыз(с.ғ.у):«Сендер діни істердегі жаңалықтардан(шариғатта көрсетілмеген бидғат істерден)сақтаныңдар! Өйткені, еш күдіксіз(Менің сүннетімде көрсетілмеген)бидғат амалдардың баршасы азғындық!»– деген. Осыған байланысты жергілікті мазһаб шариғатына тура келмейтін шеттен әкелінген кезкелген жаңалық бидғат болып табылады. Ал егер, ол «жаңалықтар» ел арасына жік салатын болса, онда ол харам (арам) болып табылады. «Бақара» сүресінің 191- аятында:«Фитна(ел арасына бүлік салу, арандатушылық туғызу)қатылдықтан(жазықсыз адамды өлтіруден)да өткен аса ауыр қылмыс»– деп үкім берілген. Сондықтан, әрқандай келімсік ағымдар мен топтардың ел арасына жік салып арандатушылық туғызуына жол бермей бөгеу салу уәжіп (міндет) болып табылады.

Енді, жоғарыда қарастырылған аяттың мағынасы туралы айтылған үшінші пікірге келсек, онда көпшілік ғұламалар: «»Әлі Имран» сүресінің 104- аятында арнайы топ туралы әңгіме етілмеген. Онда «Сендерден әрбірің (шама-шарқыларың жеткенінше) жақсылыққа шақыратын, (білімдеріңнің деңгейіне қарай) әмір мағруф пен нәһй мүнкәр жасайтын (Пайғамбар сүннетін нық ұстанатын) үмбет болыңдар!»- деген деп тұжырым жасаған.

 Бұл пікірді ұлық ұстазымыз хәзіреті Әбу Мәнсур Мәтуриди да қолдаған. Ол сөзінің дәлелі ретінде «Әлі Имран» сүресінің 110-  аятындағы:«Сендер адамзаттан шығарылған үмбеттердің ішіндегі абзалы болдыңдар. Сендер(адамдарды тура жолға шақыру үшін)әмір-мағруф жасайсыңдар,(оларды)мүнкәр(тиым салынған)істерден бөгейсіңдер».- деген үкімді бетке ұстап, міне бұл аяттағы үкім мүміндердің бәріне қарата айтылған.

 Ешбірін сен ғалымсың, ғалым емессің деп алаламаған. Сондықтан, әмір-мағруф пен нәһй-мұнкәр жасау әрбір мүмінге бірдей парыз айн деп үкім берген. Ғұламаларымыз ұлық ұстазымыздың бұл келтірген дәлелдерін қабыл алып, оған қосымша ретінде «Сахабалар тәпсір ілімін өте жақсы білген, сондықтан бұл ешбір дау тудырмайтын шындық. 

Егерде, аяттың мағынасынан бір арнайы топ құру қажеттілігі туралы үкім туындайтын болғанында, сахабалар міндетті түрде сондай топты құрып алған болар еді. Ал, Ислам тарихында сахабалардың қандай-да бір топ құруға әрекеттенгендіктері туралы ешқандай хабар жоқ» деп, соңғы нүктені қойған.

Ал, енді Хизбут тахрир көсемдерінің халифат құру туралы идеясына қарастырсақ, оның өрескел тұстары көп, яғни оған қарсы анық дәлелдер бар. Хәзіреті Сафина(р.а.)риуаят еткен мына хадисте Расулулла(с.ғ.с.):

حَدَّثَنَا أَحْمَدُ بْنُ مَنِيعٍ حَدَّثَنَا سُرَيْجُ بْنُ النُّعْمَانِ حَدَّثَنَا حَشْرَجُ بْنُ نُبَاتَةَ عَنْ سَعِيدِ بْنِ جُمْهَانَ قَالَ حَدَّثَنِي سَفِينَةُ قَالَ قَالَ رسول الله  صلى الله عليه وسلم  الخلافة في أمتي ثلاثون سنة ثم ملك بعد ذلك ثم قال لي سفينة أمسك خلافة أبي بكر وخلافة عمر وخلافة عثمان ثم قال لي أمسك خلافة علي قال فوجدناها ثلاثين سنة ( الترمذي، احمد )

«Менің үмбетіме белгіленген халифалық(мерзімі)отыз жыл. Одан соң патшалықтар(келеді, яғни, ел басқарған адамдар патша, сұлтан, хан деген сияқты атақтарға ғана ие болады. Олардың кейбірі өзін халифа деп атағанымен де ешқашан шынайы халифаның дәрежесіне жете бола алмайды)»-деген.Хазіреті Сафина(р.а.)Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.)осы сөздерін айтып болған соң:«Халифалықты(алдымен)Әбу Бакр(р.а.), сосын Ұмар(р.а.), одан соң Ұсман(р.а.), сонан соң хазірет Әли(р.а.)басқарды. Олардың халифалығы отыз жылды құрады»-деді.

Түсінік: Міне осы хадистің үкіміне байланысты, Расулулла(с.ғ.с.)отыз жыл деп белгілеген халифаттың мерзімі әлдеқашан өткен. Бұдан кейін халифат құру керек деп үкім шығару, хадисті назарға ілмей, оның мағынасына сай келмейтін бидғат істі орындау болып табылады. Ал, хадистегі халифат мерзімінің отыз жыл деп белгіленуінің басты хикметі: Һижраттың 10- жылы «Хажжул уадаъ» деп аталатын қажылық кезінде Маида сүресінің 3- аяты түсірілді. Онда Алла тағала:«Бүгін сендердің дініңді(Ислам дінін)кәмеліне жеткіздім. Және сендерге(мұсылмандарға ақыретке дейін таусылмайтын)нығметімді бердім. Тағы сендерге Исламды(Өзім ұнатып қалаған)дін ретінде(ұстануларыңа)разы болдым»деген үкімін түсірді. 

Сол тұстан бастап Ислам діні кәмеліне жетті. Бірақ, мұсылмандардың арасында әлі де діни сенімдері бекімеген, сондықтан жүректері құбылып тұрған адамдар да барғ сондай-ақ шариғат үкімдері де әлі көп елдерде бірдей қалыптасып үлгермеген кез болатын. Міне осы – әлі жан-жақты қамтылып бітпеген істерді өз деңгейіне жеткізу үшін халифат қажет еді. Бұл жағдайлардың бәрі Пайғамбарымызға(с.ғ.с.)иләһи аян арқылы мәлім еді. Сондықтан, ол өзінен кейін кешіктірмей халифа сайлауды өсиет етіп қалдырған.

 Сөйтіп, аяқталуы тиіс істер, ең әділетті деп танылған төрт халифаның отыз жыл басшылық жасаған тұсында белгілі межеге жеткізілді – ислам діні дүние бойлап қанат жайып, әлем халықтарының ұлық дініне айналды. Ендігі тіршілікте халифат түзіміне қажеттілік қалмады. Қарқындап дамыған Ислам діні ай санап емес, күн санап жиһан бойлап жайылып сала берді. Кейінгі дәуірлердегі алма кезек аласапыран күндердің өзінде де халифатты қайта түзеуге анау айтқандай қажеттілік болмады. Ең бастысы, оны қайта құру туралы Пайғамбарымыз(с.ғ.с.)ешқандай нұсқау берген емес.

Хизбут тахрир көсемдерінің ұрандатқан демократия немесе зайырлы мемлекет құрылымының күпірлігі жайлы пікірінше мемлекетті халифа басқаруы тиіс, сондай-ақ мемлекет құрылымы Ислам заңдарымен өмір сүруі қажет. Ал демократия дегені – мемлекетті көпшілік болып басқару. Сондықтан, ол-күпір. Осыған байланысты кім демократиялық формацияны дұрыс деп қабылдаса, иманнан айырылып кәпір болады.

Енді осы мәселеге діни тұрғыдан баға беретін болсақ, онда Ислам діні мемлекеттің басқару жүйесін міндетті түрде халифа басқарсын деп талап қоймайды. Осыған орай Құранда көпшілік болып маслихаттасып (кеңесіп) іс жүргізу туралы ашық-айдын аяттар бар. Олардың бірі «Әлі Имран» сүресінің 159- аяты. Онда:«(Ей, Мұхаммедс.ғ.с)Аллаһтың мейірімділігі себепті оларға (сахабаларға) жұмсақ сыңай таныттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі (тасбауыр) болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап (алыстап) кетер еді. Сондықтан, оларды (кейбір қателері үшін) ғапу етіп, олар үшін (Аллаһтан) жарылқау тіле және (уахи келмеген) істер жөнінде олармен кеңес жаса. Сөйтіп (бірер мәселенің шешімі жайлы) қарар қабылдасаң, Аллаһқа тәуекел ет. Әлбетте, Аллаһ тәуекел етушілерді жақсы көреді»– деп үкім берілген.

Түсінік: Міне, мұнда Пайғамбардың(с.ғ.с.)өзіне уахи келмеген (Құран мен сүннәда хабары келмеген) мәселелер жөнінде сахабалармен кеңесіп шешім шығару туралы бұйрық берілген. Пайғамбарымыз(с.ғ.с.)көптеген шаруаларды сахабалармен ақылдасып, кеңесіп отырып атқарғаны жайлы әйгілі хабарлар бар. Сахабалар да Пайғамбарымыздан(с.ғ.с.)соң, Құран мен сүннәда табылмаған мәселелерді ортаға салып ақылдасып іс жүргізетін. Сондықтан да, олар Пайғамбарымыз(с.ғ.с.)бұл пәниді тастап бақиға беттелген соң, өзара мәслихаттаса келіп, хазіреті Әбу Бакр Сыддықты(р.а.)халифа етіп сайлады. Міне, осы тарихи оқиғада бірнеше маңызды мәселенің анық шешімі бар.

Біріншіден, Пайғамбарымыз(с.ғ.с.)өзінің бақиға аттанатыны туралы Жәбірейіл(а.с.)хабар келтіргеннен соң да, өзінен кейін мұсылмандарға басшы болатын халифаны тағайындағаны жоқ. Сондай-ақ, «Менен соң пәленше халифа болсын» деп нұсқау да берген жоқ. Мұның ең басты хикметі – халифа сайлау мүмкіндігін сахабалардың өздеріне қалдыру болатын. 

Сахабалар бір-бірімен мәслихаттасып, Әбу Бакрді(р.а.)(адамзат тарихында бірінші рет) әділ сайлау жолымен халифа етіп сайлады. Барлық сахабалар сенім артып оған байъат берді, яғни, дауыс берді. Бұл ешкім жоққа шығара алмайтын Ислам тарихындағы бұлжымас шындық. Кейінгі халифалар хазіреті Ұмар(р.а.)да, хазіреті Ұсман(р.а.)да, хазіреті Әли(р.а.)де дәл осындай жолмен халифалыққа сайланды.

 Міне, осы басшыларды дауысқа салып сайлау, яғни үміткерлер ішінен басшыны таңдау институтының дүниеге келуін біртұтас процесс деп қарайтын болсақ, онда сайлау өткізу тәсілін әһлүс сүннә уәл жамаға жолының ажырамас бөлігі деп қарауға болады. Ендеше, осы тарихи шындыққа арқа сүйеп айтар болсақ, қазіргі кездегі президенттік сайлаулар да, парламенттік сайлаулар да Ислам дінінің басты принциптеріне қайшы келмейді. Керісінше, олар Ислам дінінен бастау алады.

Екіншіден, Пайғамбарымыз(с.ғ.с.)да, хұлафа рашидиндер де халифалықты өз ұрпақтарына мирас ретінде қалдырған емес. Демек, мемлекет тағын ұрпақтан-ұрпаққа мирас (мұра) етіп қалдыру шариғат тұрғысынан қарағанда бидғат болып табылады. Ал, патша өз тағын мұра етіп қалдырса да, қалдырмаса да бола береді, өйткені, патшалық халифалық емес.

Үшіншіден, Пайғамбарымыз(с.ғ.с.)сайлау жүйесінің дүниеге келуіне жол ашу арқылы, әрбір мүміннің билік органдарына сайлануға, әрі сайлауға құқығы бар екенін айқындап берді. Хизбут тахриршылар болса осы шындықтың бәрін бұрмалап, мұсылмандарға Алла тарапынан сыйлық етілген осындай аса құнды құқықтарды жоққа шығарғысы келеді. 

Ендеше олардың «Зайырлы мемлекет құрылымы күпір, қайткенде де Ислам түзімін орнату керек» деген пікірін екшеп көретін болсақ, Құранда да, хадистерде де дұниенің барлық жерінде Ислам мемлекетін орнатыңдар деген бұйрық жоқ. Бәлкім, «Алланың діні үстем болғанша күресіңдер» деген мағынадағы аяттар бар. Дәл осы жерде «Алланың діні үстем болғанша» деген сөздердің мағынасын талдап көру үшін «Сүнән Тирмизи» кітабындағы хазіреті Муағз (р.а.) риуаят еткен хадиске жүгінеміз. Бұл хадисте баяндалғанындай, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Муғаз бин Жәбәлды Йеменге әкім етіп жібере тұрып былай деді:

حَدَّثَنَا أَبُو بَكْرِ بْنُ أَبِي شَيْبَةَ وَأَبُو كُرَيْبٍ وَإِسْحَقُ بْنُ إِبْرَاهِيمَ جَمِيعًا عَنْ وَكِيعٍ قَالَ أَبُو بَكْرٍ حَدَّثَنَا وَكِيعٌ عَنْ زَكَرِيَّاءَ بْنِإِسْحَقَ قَالَ حَدَّثَنِي يَحْيَى بْنُ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ صَيْفِيٍّ عَنْ أَبِي مَعْبَدٍ عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ عَنْ مُعَاذِ بْنِ جَبَلٍ قَالَ أَبُو بَكْرٍ رُبَّمَا قَالَ وَكِيعٌ عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ أَنَّ مُعَاذًا قَالَ بَعَثَنِي رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ إِنَّكَ تَأْتِي قَوْمًا مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ فَادْعُهُمْ إِلَى شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَنِّي رَسُولُ اللَّهِ فَإِنْ هُمْ أَطَاعُوا لِذَلِكَ فَأَعْلِمْهُمْ أَنَّ اللَّهَ افْتَرَضَ عَلَيْهِمْ خَمْسَ صَلَوَاتٍ فِي كُلِّ يَوْمٍ وَلَيْلَةٍ فَإِنْ هُمْ أَطَاعُوا لِذَلِكَ فَأَعْلِمْهُمْ أَنَّ اللَّهَ افْتَرَضَ عَلَيْهِمْ صَدَقَةً تُؤْخَذُ مِنْ أَغْنِيَائِهِمْ فَتُرَدُّ فِي فُقَرَائِهِمْ فَإِنْ هُمْ أَطَاعُوا لِذَلِكَ فَإِيَّاكَ وَكَرَائِمَ أَمْوَالِهِمْ وَاتَّقِ دَعْوَةَ الْمَظْلُومِ فَإِنَّهُ لَيْسَ بَيْنَهَا وَبَيْنَ اللَّهِ حِجَابٌ حَدَّثَنَا ابْنُ أَبِي عُمَرَ حَدَّثَنَا بِشْرُ بْنُ السَّرِيِّ حَدَّثَنَا زَكَرِيَّاءُ بْنُ إِسْحَقَ ح و حَدَّثَنَا عَبْدُ بْنُ حُمَيْدٍ حَدَّثَنَا أَبُو عَاصِمٍ عَنْ زَكَرِيَّاءَ بْنِ إِسْحَقَ عَنْ يَحْيَى بْنِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ صَيْفِيٍّ عَنْ أَبِي مَعْبَدٍ عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهم عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بَعَثَ مُعَاذًا إِلَى الْيَمَنِ فَقَالَ إِنَّكَ سَتَأْتِي قَوْمًا بِمِثْلِ حَدِيثِ وَكِيعٍ *

«(Ей, Муғаз)Сен әһлі кітап(христиан)қауымына(әкім болып)барасың.(Барғаныңнан соң)оларды «Лә иләһә илалла уә әнни расулулла» деп шахадат(иман кәлимасын)айтуға шақыр. Ал, егер, олар соған бойұсынса(иман келтірсе), оларға Алла бір тәулікте бес уақыт намазды парыз еткенін білдір. Олар бұған да көнсе, Алла оларға, олардың байларынан алынып өздерінің кедейлеріне берілетін садағаны(зекетті)парыз еткенін білдір. Олар бұған да бойұсынса, онда олардың мал-дүниесіне тиіспе. Мазлумның(зұлымдық жасалған адамның)дұғасынан қорық. Өйткені, сөз жоқ оны мен Алланың арасында хижаб(перде-тосық)жоқ»- деді.

Түсінік: Хадистің маңызына зер салып қарасақ, Пайғамбарымыз(с.ғ.с.)Муғазға(р.а.)«Йеменге барғаныңнан соң, Ислам мемлекетін тұрғыз» деген жоқ, оған олар бірінші кезекте «Лә иләһә иллалла уә әнни расулулла» деп иман келтірсін деді. Себебі, бұл Ислам дінінің басты принципі. Сондықтан, да Пайғамбарымыз(с.ғ.с.)Мысырдың патшасына, Румның императорына, Иранның шахына жолдаған хаттарында олардың барлығына бірінші кезекте Ислам мемлекетін құрыңдар деген жоқ, оларға: «Лә иләһә иллалла Мұхаммадур расулулла»- деп иман келтіріңдер деп жазған болатын.

 Себебі, Аллаһтың дінінің үстем болуы, адамдардың иман келтіруі арқылы орын алады. Олай болса біздер – Орта Азия мен Қазақстан халықтары «Лә иләһа иллалла Мұхаммадур расулулла» деп иман келтіріп, сол имандарына берік болған халықтардың ұрпақтарымыз. Заманымыздың бағына президентіміздің де, үкіметіміздің де Ислам дініне деген көзқарасы жақсы. Еліміз мұсылмандарға құлшылық жасаулары үшін барлық мүмкіндіктер бар. Яғни, Ислам дінінің бес шарты: Иман келтіру, бес уақыт намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру және қажылық жасауға ешқандай кедергі жоқ. Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып және Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.)«Адамдар өз патшасының дінінде болады»деген хадисіне сүйенетін болсақ, Қазақстанды мұсылмандар мемлекеті деп айтуға толық негіз бар.

Ал енді еліміздегі мұсылман дінін ұстанбайтын ұлт өкілдеріне келсек, Ислам діні ешқашан өзге дін ұстанатындардың құқықтарын шектеген емес. Бұл туралы Құран аяттарында да, Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.)хадистерінде де нақты нұсқаулар берілген. Ислам діні адамның иғтиқат (сенім) еркіндігін кепілдейді (шектемейді). Бұған «Бақара сүресінің 256- аятындағы«Дінде зорлық жоқ»деген үкім дәлел. Сондықтан, ешбір адамға өз діни сенімін тастап, басқа діни сенімді қабылдауға мәжбүр етілмейді. 

Өйткені, сенім еркіндігі адам құқығының ең басты шарттарының бірі. Бұған дәлел «Әл-кахф» сүресінің 29- аятындағы«(Ей, Мұхаммед, адамдарға)айт:(Бұл Құран)сендердің Раббыңнан(Жарылқаушыңнан)келген ақиқат. Кім қалаған иман келтірсін, кім қаласа кәпір болсын. Әлбетте, Біз(күфірді таңдаған)залымдар үшін, жалыны оларды орап-тұтқындап алатын тозақты дайындап қойғанбыз»– деген үкім.

Түсінік: Куәсі болғаныңыздай аятта «Кім қалаған иман келтірсін, кім қаласа кәпір болсын» делінген. Себебі, адамдардың кәпір болғанынан Ислам дініне зиян келмейді. Өйткені, дін Алланың діні. Оны Өзі қорғап, Өзі оған қуат береді. Ал енді, күпірді таңдағандар өздері-өздеріне зиян келтіреді. Олардың қашып құтылар мекені де, мүмкіндігі де жоқ, қалай қарай қашса да тозақтың оты оларды орап-тұтқындап алады. Міне осылайша иманды немесе күпірді таңдау еркі пенденің өзіне берілгенін дәлелдейтін және бір үкім «Ниса» сүресінің 80- аятында келген. 

Онда:«Кім Пайғамбарға бойұсынса, демек ол Аллаға бой ұсынды. Ал енді кім(бойұсынудан)бас тартса,(Ей, Мұхаммедс.ғ.у)сені олардың үстіне(күзетіп тұратын)қарауыл етіп жібергеніміз жоқ»делінген. Мұнда сенім еркіндігіне тікелей нұсқау бар. Өйткені, Пайғамбар(с.ғ.с.)қарауыл болмаған іске ешкім қарауыл бола алмайды. Бірақ, күфірді таңдасаң да оған еркің бар екен деген жаман ойдан әркез алыс болған жөн. Бұл дүниеде сенің сенім-нанымыңмен ешкімнің жұмысы болмағанымен, ақырет күні кәпірлерді айтып жеткізгісіз сұмдық азаптар тұтқындап алатынына еш күдік жоқ.

Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.)Мәдинеге келгенінен кейін алдымен шығарған заңдарының бірі – яһудилерді мұсылмандармен бірге араласып өмір сүретін бір қауым деп тану туралы заң. Сондай-ақ, екінші халифа Ұмар бин Хаттабтың кезінде Құддыстың масихи (христиан) дінін ұстанатын тұрғындарына да дін еркіндігі берілген. Оған қоса олардың өміріне қаупісіздік кепілденіп, шіркеулері мен діни рәміздеріне зиян жасалынбаған. Сондай-ақ, ешбір адам діни сеніміне байланысты қудаланбаған. Міне, осы шындыққа тура қарайтын болсақ, хизбут тахриршылардың демократия мен зайырлы мемлекет туралы білдірген пікірлерінің ақиқатқа жанаспайтынына еш күмән қалмайды.

Автор: Оразбай Зәріпбай

http://ruhanyat.kz

 

 

 

 

Пікір жазу