«Тәкфир» немесе «һижрат» жамағаты өздерін ғана мұсылман, ал қалғандарды кәпір санайды. Сондықтан жамағаттың аты да өзіне сай тәкфир яғни жамағаттан басқаларды кәпір дейтіндер және һижрат яғни басқалармен араласпайтындар деп аталады. Бұл жікшіл ұйым. Жамағаттың алғашқы идеологиясы Мысыр түрмелерінде өріс алып, соңынан бас бостандыққа шыққан мүшелерінің ой-пікірлері қисынға келтіріп, тұжырымдалды. Солтүстік Мысырда және сол елдің университет студенттері арасында олардың ізбасарлары көбейді.
«Тәкфир» және «һижрат» жамағаты деп даңқы шыққан мұсылмандар жамағаттың ұстанымы мен ой-пікірлері Мысыр түрмелерінде, әсіресе 1965 жылы жалпы тұтқынға түскен мұсылмандар ішінен Мысыр презинденті Жамал Әбднәсырдың бұйрығымен Сайд Құтб пен оның пікірлестері өлім жазасына кесілген соң бір жүйе түсті.
Түрмелердегі дінді ұстанған мұсылмандар қатты азап тартты. Сол азапқа шыдамай қайтыс болғандар да болды. Осындай үрейлі жағдайда мұсылмандардың ашу-ызасынан туындаған тәкфир идеологиясы арқылы діни көзқарасты қабылдап, қолдайтын адамдарда табыла қалды. Олар қоғамның жас бозбалалыр еді.
1967 жылы Мысыр ұлттық қауіпсіздік комитеті қамаудағы дағуатшы мұсылмандарды президент Жамал Әбднәсырға бағынып, оның саясатын қолдауға шақырды. Тұтқындар бұл талапты түрліше қабылдап, мынау топтарға бөлінді:
1. Мұсылмандардың бір тобы қызметтеріне қайта оралу мақсаттында тәубеге келіп, президентті және оның саясатын қолдауға асықты. Олар ислами әркетке адасып кіріп қалған бір топ жұмысшылар мен дағуаттан үлкен пайда көздеп қосылған саясаткер болатын.
2. Қамаудағы дағуатшылар тобының бірі мемлекеттің талабына қарсылық көрсетпейтін әрі оны қолдамайтын, орта позицияны ұстанатын мұсылмандар.
3. Жастардан құралған дағуатшылардың азшылығы мемлекеттің саяси бағытын қабыл алмады, ал президентті кәпір деп жариялады. Олардың мәлімдемесі бойынша, зайырлы мемлекет құрғысы келген президентті қолдаған өздерінің діндес бауырларын ислам дінінен қайтқан опасыз, сатқын, өздерінен басқа қоғамдағы басшыларына мойынұсынған әрі сүйенген барша жұотты кәпір санады. Жамағатқа қосылмағандардың намазы да, оразасы да қабыл емес. Бұл жамағат ұстанымының негізін салған шейх Әли Исмаил болатын.
Жамағаттың негізгі құрамы тәкфир, яғни кәпірге шығару, кәпір деп санау ұғымы. Үлкен күнәларды істеген, бастан аяғына дейін күнәға батқан адам кәпір. Оның тәубесі қабыл болмайды. Сондай-ақ Алланың түсірген шариғатымен үкім шығармайтын басшылар мен сол үкімді разылықпен қабылдайтын жұрт та кәпір. Бұларды кәпір демейтін дін ғалымдарды да кәпір. Тәкфир жамағатының пікірін қабыл алмаған немесе қабыл алып, жамағатқа қосылмаған және сол жамағаттың имамдарына ермеген әрбір адам кәпір. Ал, кімде-кім жамағатқа кіріп, одан шықса, ол адам сатқын есептеледі. Оны өлтіруге де болады. Қайбір ислам жамағаты тәкфир жамағатының дағуатын қолдамаса, оның басшысы діннен қайтқан кәпір саналады.
Олар: «кімде-кім имамдардың немесе сахабалардың сөзін дәлел ретінде қолданса немесе қияс, маслахат ал-мурсала, истихсан және сол сияқты дәлел-құжаттармен мәселе шешсе, ол әрі мүшрик, әрі кәпір саналады»,-дейді.
Олар: «Һижраттың төртінші ғасырынан кейін күпір және жаһилият дәуірі басталды. Өйткені мұсылман адам әрбір үкімнің дәлелін білмейді, діни амалдарда біреуге еруден басқа шамасы жоқ»,-дейді.
«Тәкфир» жамағаты қағидаларының екінші негізгі құрамы һижрат. Һижраттың сөздік мағынасы тәрк ету, көшу, қоныс аудару, үзілу. Олардың қолдануы бойынша, һижрат – бұл надан елден, қоғамнан өзін алып қашу, олармен қандай да қарым-қатынасты үзу. Өзінен басқа барша адамдарды надан, жәһил деп біледі. Бұл жерде мекен үзілісі мен ой-сана үзілісі назарға алынған. Қоғам мен мекен Расулулллаһ (с.ғ.с.) пен сахабалардың кезіндегідей болуы керек, дейді.
Олар: «Қазіргі кезде идеологиялық күрес қажет. Ол тек тәкфир жамағатының бағдарламасы арқылы жеткізілуі шарт. Ислам дінінің күші, мұсылмандардың жігері жеткілікті болмағандықтан жиһад соғысын тоқтат тұру керек»,-дейді.
Олар: «Ислам тарихының мұсылмандарға ешқандай мәнділігі жоқ. Ең жақсы тарих Құран Кәрімде келген тарихи оқиғалар. Ислам ғұламаларының сөздері, тәфсир және ақаид кітаптарының бірде-бір құндылығы жоқ. Өйткені, ол ғұламалардың бәрі діннен қайтқан сатқындар», деп айтады. Жамағат: «Құран мен хадистерге ғана сүйенеміз», дегенімен, сөздерінен таяды. Өйткені, Құран мен хадис үкімдеріне сәйкес келсе, оны дәлел ретінде алады. Ал, үйлеспесе, айлакерлік жолына түсе салады.
Олар: «Жамағат баршаны сауатсыздыққа, білімсіздікке шақырады, оқуларды тастауға үгіттейді. Өйткені, институт пен университеттерді мешіттер сияқты, шайтанның мекендері, деп санайды»,-дейді.
Олар: «Жұма намаздары мен жамағат намаздарықасиетті төрт мешіттен басқа мешіттерде оқымайды. Дүниедегі төрт мешіттен (Мекке мен Мәдинедегі мешіттер, Құба мен Ақса мешіттері) басқа барша мешіттер зиянды саналады. Сол мешіттерде намазды өткізген имам тәкфир жамағатынан болса ғана намазхандардың намаздары дұрыс болады»,-дейді.
Өздерінің әмирі Шүкри Мұcтафаның осы үмметінің көптен бері күткен имам Мәһдиі деп санайды. Оның күш жігерімен ислам дінні барша діндерге үстем етеміз, деп ойлайды.
Қазіргі қарулармен мемлекеттер арасындағы соғыс нәтижесінде дүние экономикасы мен саясаты өз шегінен шығады да «тәкфир» жамағатының дәуірі басталады, адамдар атамзаманғы қарулармен (қылыш, найза, садақ т.б.) соғысты жалғастырады.
«Тәкфир» жамағаты өздерін имаматтық (басқару), ижтиһад (үкім шығару қабілетіне ие болу) дәрежесіне жетік, деп есептейді.
«Тәкфир» жамағатының мүшесі мархұм Әбдрахман Әбу ал-Хайрадың «Мұсылмандар жамағатының зікірі» атты кітабы жамағаттың қадірі де қасиетті кітабы саналады.
Мұсылмандарды кәпірге шығару мәселесі баяғыдан, яғни сонау хауариждер дәуірінен келе жатыр. Хауариждердің ғылыми және практикалық еңбектері әлденеше ұрпаққа жеткен. Біздің заманымызға келіп сол діни көзқарастардың қайта ойнауына ислам қоғамдарындағы бұзықтық пен құдайсыздықтың өріс алғаны, ислам әрекеттеріне қарсы соғыс жүргізіліп, түрмеге түскен дағуатшылардың қатал тәртіп пен ащы азап көрулері себеп шығар.
«Тәкфир» жамағаты діннің ақиқатын білмейді, дәлел-құжаттары түсінуге зер салмайды, харам үкімдеріне нормадан шығады, діни көзқарастары тұрақсыз, тарихты саясатты, өмір мен барлықты және әһлус-сунна уәл-жамаға бағдарламасын түсінгісі келмейді.
«Тәкфир» мұсылмандардың арасына іріткі салып, олардың бірлік-ынтымағын кетіреді, үлкен дау-жанжал шығарады, мемлекеттің саяси-экономикалық бағдарламасының нығаюына кедергі келтіреді, әрқандай ланкестік іс-әрекетке барады, халықтың дінге деген ынта-ықыласын кемітеді т.б. зияны аз емес.