Исламның бастапқы кезінде мұсылмандар жаңадан құрылған үкіметті және жетістіктерді қорғауға соншалықты мән бермеген. Олар Құран тағылымдарына көп көңіл бөлген. Сонымен қатар “Нахв”, “Жеңістер тарихы” және “Фикх” пен осыған ұқсас діни ғылымдарға мұсылмандар назар аударды. Мұсылмандар исламдық ғылымдардан пайдаланып, қолдайтын саясаттарымен аббаситтер халифаларын жігерлендіріп, халық байлығын пайдаланып, бірте-бірте мұсылмандар қоғамын ғылым мен өндіріске қарай бұрып, мұсылмандар тұрмысының дамып жақсаруына себеп болды.
Ислам тағылымдары және Құран Кәрім оқулықтары арқылы ойлану назарының жоғары деңгейіне жеткендер басқа халықтар мен өркениеттердің мәдениеттері мен ойлары туралы білуге асықты. Мұсылман тарихшысы Ибн Халдуннің пікірінше, мұсылмандардың білім алуға деген ниеттеріне жігер беруші Құран аяттары мен хадистер болды. Осы себептен басқа ұлттардың өздері және ғылымдарымен таңысу үшін аудармалар маңызды болды. Қысқа мерзімде Ислам әлеміндегі ғалымдар мен білім іздеушілердің жұмыстары жоғары деңгейге жетіп, кейін бұл мерзім “аударма қозғалысының” ғасыры аталды.
“Аударма қозғалысы” ғасырының ең маңызды ықпалыретінде Ибн Надимнің жазған кітабына тоқталуға болады. Әлбетте бұл кітапта Ислам әлемінің 4-ші ғасырға дейінгі ғылыми қозғалыстарына тоқталады. Сол уақыттан бастап осы кезге дейінгі халықтардың салт-дәстүрлері тарихы туралы жазылған кітаптардың көбісі осы еңбектегі мәліметтеріге сүйенген. Ибн Қэфтидің “Табақат әл-Атба” және “Ахбар әл-Ұлама” кітаптары да – Ислам өркениеті тарихының маңызды деректері болып табылады. Бұл кітаптардың мәліметтерін Ислам өркениеті мен мәдениеті туралы зерттеу жасаған адамдардың көбісі пайдаланды. Бани Умайе кезінде Грекия мен Сирияның ғылыми кітаптары араб тіліне аударылды. Марван біріншінің (омеядтар басшыларының бірі) уақытында Масарджуи медициналық жиындарды (“Konnash”) аударды. Бірақ омеядтар заманында аударылған мәліметтердің көбісі кеңселік, саяси, сот және сауда салаларындағы құжаттар болды.
Аударма саласында тарихи, қоғамдық және мәдени мұраларды аударатын жағдайға үкімет басына аббаситтер халифалары келген соң жетті. Бұл ғылыми қозғалыс екі ғасырдан артық мерзімге жалғасты. Аббаситтер халифалары ішінде екінші халифа Мансур басқа елдер ғылымдарын аударуда үлкен жұмыс жасады. Оның кезінде аударма жұмыстары жандана түсті. Осы себептен кейбір тарихшылар Мансурды аударма жұмыстарының тарихшысы деп атайды. Ол астрологтарды өз сарайына шақыратын, басқа басшылар да одан көргенін қайталайтын. Мансур жұлдызшылармен ақылдаспай, маңызды жұмыстарын бастамайтын. Әлбетте, астрологияның дамуына Құран аяттары да себеп болды. Құран мұсылмандарды аспан, жер, күн, ай мен жұлдыздар туралы зерттеуге жігерлендіреді. Ай мен күннің әртүрлі жағдайын түсіну намаз, қажылық, ораза, Қыбланы табу секілді діни міндеттер үшін маңызды.
Аударма жұмыстары гүлденген кезеңдегі ең белгілі астрологтар Нубахт жанұясы саналған, олар біраз уақыттан соң Ислам дінін, кейін шиіттер мазһабын қабылдады. Бұл жанұя біраз уақыт аббаситтер басшылары сарайында қалды, олардың арасынан үкімет қызметкерлері, жазушылар, аудармашылар және жұлдызтанушылар шықты. Аббаситтердің қалауымен бұл жанұяның белгілі адамдары, атап айтқанда Нубахт және ұлы Абу Сахл планеталар туралы кітаптарды аударды. Әлбетте, олар аударғаннан кейін бұл кітаптарды өз пікірлерімен толықтырды. Сол кездегі аудармашылардың арасында шиіт данышпаны Мұхаммад бен Ибрахим Фазаридің аты ерекше көрінеді. Оның әкесі Ибрахим астролябия жасаған бірінші мұсылман болған. Оның белгілі еңбектерінің бірі – “Ұлы Үндістан құжаты” кітабы болды. Бұл кітап математика саласында маңызды еді, өйткені мұсылмандарды үнді сандарымен таныстырды.
Мансур сарайында медицина саласындағы кітаптар аударылды. Мансур өмірінің соңында асқазан ауруына шалдықты. Сарайындағы дәрігерлер оны емдей алмады. Нәтижесінде Мансур сол кездегі ең үлкен медициналық мектепке ие Джундишапур ауруханасының басшысы христиан дәрігері Джорджисті Бағдатқа шақырды. Медицина саласында көптеген еңбектері бар Джорджис аурухананы ұлы Бахтишуғқа тапсырып, Мансур сарайына аттанатын болды. Қысқа мерзімде бұл дәрігердің білімі мен мінез-құлқы Мансурға қатты ұнады. Ол Джорджиске сарайынан арнайы орын беріп орналастырды және Джундишапурға оралуға асықпады. Осындай жағдайда сириялық, араб, парсы және грек тілдерін жақсы білетін Джорджис грек және сириялық тілдердегі кітаптарды араб тіліне аударды.
Мансур Аббасидің кезінде бірнеше әдеби кітаптар да араб тіліне аударылды. Бұл кітаптардың арасында ирандық жазушы Ибн Мұқафеғ аударған “Қалила мен Димна” кітабын атап кетуге болады. Хижраның екінші ғасырының бірінші жартсында белгілі болған ирандық жазушы Абдолла бен Мұқафеғ (Рузбе) Фирузабад деп аталған аймақта дүниеген келген. Ол парсы тілін жақсы біліп, араб тіліне аудармалар жасаған. Ибн Қэфти Ибн Мұқафеғ туралы: “ол мұсылмандар арасында “Логика” кітаптарын аударған бірінші адам. Ол бір халықтың жойылуы, яғни оның ұлттық салт-дәстүрі, тарихы, ахлағы, ғибадаты мен ежелден келе жатқан мұраларынан айрылу екенін жақсы түсінетін. Ол парсы мұраларын араб тіліне аударып, бір халықтың ұлттық мұраларының жоғалмауына және басқа жақтан мұсылмандарды Иранның көне мұраларымен таныстыруға талпынды,”- деді.
Кейбір уақыттарда аббаситтер үкіметі де “Калам” мәселелерін нығайту үшін бұл саладағы кітаптарды аударуды бұйырған. “Аристотель тубиқалары” кітабы араб тіліне Мансур Аббасидің баласы, әрі орынбасары Мехди кезінде аударылды. Бұл кітап әртүрлі, атап айтқанда сириялық, грек және араб тіліне бірнеше рет аударылған. Бұл кітапта екі адамның арасындағы сұрақ – жауап ережелерін әртүрлі көзқараста баян етеді.
Айта кететін жәйт, Мехди Аббаси билік басына келген кезде Мансур уақытында басталған дінаралық қайшылықтар күшейді. Христиандар мен яхудилер дінаралық сұхбаттар тәжірибелеріне ие. Сонымен қатар Мехди кезіндегі басқа діни ағымдардың пайда болуымен аббаситтер үкіметі калам ғылымы саласындағы тақырыптардың даму қажеттілігі сезілді. Осы себептен осы саладағы аудармаларға ерекше көңіл бөлінді.