Египеттің қауіпсіздік күштері 21 лаңкесті жойды

    340

    Египеттің қауіпсіздік күштері кенеттен жасалған соққы барысында Ораза мейрамы кезінде лаңкестік шабуыл жасауды жоспарлаған 21 лаңкесті жойды, деп Египеттің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды.

    Египет Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, қауіпсіздік күштері екі фермада жасырынған лаңкестерге оқ жаудырып, 21-ін жойып, 17 пулемет пен көп мөлшердегі жарылғыш құрылғыларды тәркіледі. Операция кезінде екі полиция қызметкері жарақат алған.

    Сонымен қатар, мәлімдемеде лаңкестердің  бұл тобы 24 мамырда басталған Ораза мерекесіне орай демалыс күндері лаңкестік шабуыл жасауды жоспарлағаны түсіндірілді. Бұл қауіпсіздік күштерінің лаңкестікке қарсы сәтті операциясы болды деп хабарлайды.

    Пікір жазу