Ең ұялшақ адам

    0
    9

    Ибн Касир «Әл-Бидая уан-ниһая» атты шығармада хазіреті Осман жайында мынадай хабар келтіреді: «Осман ибн Аффан (р.а.) бой дәрет алған уақытта, есігі құлып, бөлмеде жалғыз болса да іш киімін шешуге және бойын түзу ұстауға Алладан ұялған жан екен». 

    Түйін: Расында да хазіреті Осман турасында мұндай деректер көптеп кездеседі. Алланың елшісі (с.ғ.с): «Үмбетімнің ішінде ең мейірімдісі – Әбу Бәкір. Алланың дініндегі ең қатаң мінездісі – Омар. Ал ең ұялшағы – Осман», – деп айтқан (Әһлу сунан). 

    Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

     

    Пікір жазу