Энтони Джен­кинсон (Anthony Jenkinson) 1557-1571 жылдары Англияның Мәс­кеу князьдығындағы өкі­летті елшісі қызметін атқа­румен қатар, ағылшын сауда компанияларының өкілі ретінде де танымал болған. Осы қызметін пайдаланып Э.Дженкинсон мырза Орталық Азия өңіріне, Каспий жағалауына, одан қалды Парсы жеріне белсенді саяхат жасап, жүрген жері мен табаны тиген өлкенің картасын жа­саған. Яғни сол дәуірдегі ұғым бойынша: орыстардың шы­ғысы, яғни Орал таулы қыратынан бастап, моңғол үстіртіне дейінгі өлке (бізше «Ұлы Дала») Тартария жерін қағаз бетіне түсірген.

Мұнда өздеріңіз көріп отыр­­ғандай, картада сол дәуір­дегі әкімшілік-ұлыс құры­лымдарының жалпы нобай-сұлбасы жақсы түсірілген. Сон­дығымен де бұл тарихи сыз­ба аса құнды. Атап айтқанда, Обь өзеннің шығысын алып жатқан үлкен жазира даланы «Казакия» (Cassacki) деп таңбалапты. Яғни Қазақ елінің ежелгі атауы «Қазақия» бұдан басқа карта-деректерінде кез­деспейді. Оның сыртын­да, ұлы теңізге құятын үлкен дарияның (Жайық) қос қапталын ен жайлап жатқан жұртты Ноғай ордасы (Nagaia) белгілеген. Бұның бәрі атақты Алтын Орда, бізше Жошы ұлысының территориясы.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Діни басқарма халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді (Видео)

Бекен Қайратұлының мақаласынан

Пікір жазу