Дубайда ерекше тұрақжай ашылды

    111

    Игі бастама Дубай полициясы бас командирі, генерал-майор Абдулла Халифа әл-Марридің бұйрығымен әзірленген. Бұл қадам әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған, қалада көп жағдайда, әсіресе, полиция учаскелерінде көлік тұрақтарында бәсекелестік жиі орын алады екен.

    Жаңа тұрақ орындарының нөмірі мен анықтама белгілері қызғылт түспен боялған. Ол орындарды бағыттаушылар арқылы да табуға болады.

    Полиция қызметі өкілдері осы бастама арқылы Дубай үкіметі жоспарына сәйкес және халықаралық стандартар аясында халыққа жоғары қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін үздік нәтижелі тәжірибелер мен жобаларды басшылыққа алатынын хабарлады.

    Сонымен қатар, алдағы уақытта полицияның басқа да жаңа жобалары қатарын мобильді полиция учаскесі, туристік және халық көп қоныстанған аудандардағы полиция қызметі және «сіздің қауіпсіздігіңізді бір нүкте арқылы іске асыру» бағдарламасы толықтырады. 

    Пікір жазу