Әбу Дәрда (р.а.) бір соқаны тартқан екі өгізді көреді. Оның бірі қасыну үшін тоқтаған кезде екіншісі де тоқтайды.

Сонда Әбу Дәрда (р.а.) жылап: «Алла үшін достық осылай болады. Алла үшін еңбек етеді. Бірі тежелгенде, екіншісі де соған сай әрекет етеді» дейді.

Достың досқа сай әрекет етуімен адалдық іске асады. Кім достықта адал болмаса, онда екіжүзді болғаны.

* * *

Әбу Дәрда (р.а.): «Егер досың өзгеріп, бұрынғы халінен айныса, оны тәрк етпе! Себебі: досың бірде қисық, бірде түзу болады» дейді.

* * *

Әбу Дәрдаға (р.а.) «Досыңды жек көрмейсің бе? Ол осындай-осындай істер істеді» делінген кезде ол: «Мен оның ісін ғана жек көрем. Ол-менің бәрібір досым» деп жауап берген екен.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Қарттарымыз – қазынамыз

Дайындаған Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Пікір жазу