Хасан Басри жайында мынадай риуаят бар. Ол бірде базардағы досының дүкеніндегі бір себеттен інжір, тағы бірінен құрма алып, жеп тұрады. Жанындағы бір кісі:

– Уа, Әбу Сағид, күмәнды іске деген ұқыптылығың қайда? Біреудің затын рұқсатсыз жеп тұрсың ғой, – дейді. Сонда Хасан Басри:

– Әй, Алланың құлы! Маған тамақ жайындағы аятты оқышы, – дейді. Ол «…немесе достарың…» деген жерге дейін оқиды да:

– Уа, Әбу Сағид, аяттағы «дос» сөзі кімге айтылады? – деп сұрайды. Сонда Хасан:

– Дос – одан көңілің рахат, жүрегің жай табатын адам, – деген екен.

Дайындаған Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Пікір жазу