Дiнтану сараптамасын жүргiзу қағидаларын бекiту туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 7 ақпандағы № 209 Қаулысы
“Егемен Қазақстан” 2012 жылғы 7 наурыздағы № 83-84 (27156); “Казахстанская правда” от 07.03.2012 г., № 65 (26884)
«Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Дiнтану сараптамасын жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Дiнтану сараптамасын жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 70 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 2, 30-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 наурыздағы № 252 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 198-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 7 ақпандағы
№ 209 қаулысымен
бекiтiлген
Дiнтану сараптамасын жүргiзу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Дiнтану сараптамасын жүргiзу қағидалары «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және дiнтану сараптамасын жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
2.Дiнтану сараптамасы (бұдан әрi – сараптама) құрылтай құжаттардың, сондай-ақ дiни мазмұндағы басқа да құжаттардың, дiни бiлiм беру бағдарламаларының, дiни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен дiни мақсаттағы заттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн анықтау мақсатында жүргiзiледi.
3. Сараптаманың жүргiзiлуiн дiни қызмет саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган (бұдан әрi – Уәкiлеттi орган) және оның аумақтық бөлiмшелерi қамтамасыз етедi.
2. Сараптаманың мiндеттерi
4. Сараптама мiндеттерi:
1) дiни бiрлестiк ұсынған құрылтай құжаттары, дiни iлiм мен дiни жоралар туралы мәлiметтер негiзiнде объект мазмұнының нақты дiни iлiмге тиесiлiгiн анықтау, объект мазмұнын бағалау;
2) дiни бiрлестiк мемлекеттiк тiркелу (қайта тiркелу) кезiнде оның нақты қызметiнiң сәйкестiгiн тексеру;
3) сараптама объектiсi мазмұнының Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңнамасының нормаларына сәйкестiгiн анықтау болып табылады.
Сараптама жүргiзу кезiнде дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеудi (қайта тiркеудi) және олардың қызметiн бақылауды жүзеге асыру кезiнде туындайтын және сараптамалық бағалауды талап ететiн басқа да мәселелер қаралуы мүмкiн.
3. Сараптама объектiсi
5. Сараптама объектiлерiне:
1) дiни бiрлестiктердiң құрылтай құжаттары;
2) дiни мазмұндағы құжаттар (дiни бiрлестiктердiң құрылымын, дiни iлiмiнiң негiздерiн, дiни практикасын айқындайтын құжаттар, сондай-ақ дiни қызметтiң нысандары мен әдiстерiн сипаттайтын құжаттар);
3) дiни бiлiм беру бағдарламалары;
4) дiни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен әдебиет;
5) дiни мақсаттағы заттар жатады.
4. Сараптама субъектiсi
6. Сараптаманың субъектiлерi:
1) iрiктеудi Уәкiлеттi орган жүзеге асыратын басқа мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерi, дiнтанушылар, заңгерлер және басқа да мамандар арасынан тартылатын сарапшылар;
2) Уәкiлеттi орган консультанттар ретiнде тартқан дiни бiрлестiктердiң өкiлдерi;
3) Уәкiлеттi орган басқа мемлекеттерден, шетелдiк және халықаралық ұйымдардан сарапшылар ретiнде тартқан мамандар;
4) Уәкiлеттi орган бөлiмшелерiнiң дiн саласында арнайы бiлiмi бар қызметкерлерi болып табылады.
7. Уәкiлеттi орган сараптама жүргiзу үшiн кеңесшi-талдау органдарын (сараптамалық кеңес, сараптамалық топтар) құра алады.
5. Сараптаманы жүргiзу негiздерi
8. Сараптама жүргiзудiң негiздерi:
1) Уәкiлеттi органға жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтiнiштерi;
2) Қазақстан Республикасының кiтапхана қорларына, сондай-ақ Уәкiлеттi органға дiни әдебиеттiң, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың келiп түсуi;
3) жеке тұлғалардың миссионер ретiнде тiркеу (қайта тiркеу) және дiни бiрлестiктердi тiркеу үшiн өтiнiштерi;
4) жеке өзi пайдалануға арналған материалдарды қоспағанда, дiни мазмұндағы ақпараттық материалдардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнуi;
5) Уәкiлеттi орган басшысының бұйрығы болып табылады.
9. Уәкiлеттi орган сараптама жүргiзуге материалдар келiп түскен сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде:
1) сараптамаға ұсынылған материалдың сот шешiмiмен Қазақстан Республикасының аумағында қызметiне тыйым салынған дiни бiрлестiкке (ұйымға) жататындығын не жатпайтындығын;
2) сараптамаға ұсынылған материалдың сот шешiмiмен Қазақстан Республикасының аумағында еңбектерiне тыйым салынған авторға тиесiлi екендiгiн не тиесiлi еместiгiн;
3) сараптамаға ұсынылған материалдың (оның iшiнде анонимдiк) сот шешiмiмен Қазақстан Республикасының аумағында таратылуына тыйым салынғандығын не салынбағандығын;
4) сараптамаға ұсынылған материалдың Қазақстан Республикасы таныған және ратификациялаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын халықаралық немесе мемлекетаралық актiлермен қызметiне тыйым салынған дiни бiрлестiкке (ұйымға) тиесiлi екендiгiн не тиесiлi еместiгiн;
5) сараптамаға ұсынылған материалдың авторы халықаралық-құқықтық актiлерге сәйкес бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмысы үшiн, оның iшiнде экстремистiк және террористiк әрекетi үшiн сотталған адам болып табылатындығы жөнiнде мәлiметтердiң бар-жоғын;
6) ұсынылған материалды Қазақстан Республикасы таныған және ратификациялаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын халықаралық немесе мемлекетаралық актiлермен таратуға тыйым салынғандығы туралы мәлiметтердiң бар-жоғын;
7) ұсынылған материалдың толық жинақталмаған (ақаулы, iшiнара немесе толығымен зақымдалған болып табылатындығын не табылмайтындығын);
8) ұсынылған материалдың мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiндегi тең түпнұсқалы аудармасының болмауын тексередi.
Жоғарыда көрсетiлген жағдайлардың болуы сараптама жүргiзуден бас тартуға негiз болып табылады, бұл туралы сұрау салып жүгiнген тарапқа жазбаша хабарланады.
6. Cараптаманы жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары
10. Уәкiлеттi орган сараптама жүргiзу туралы шешiм қабылдайды, сондай-ақ сараптама жүргiзу үшiн сарапшыны (сарапшыларды) белгiлейдi.
11. Сараптама жүргiзудi Уәкiлеттi органбiр немесе бiрнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсыруы мүмкiн.
12. Сараптама объектiсi бойынша әр түрлi мамандықтағы сарапшылар кешендi сараптама жүргiзуi мүмкiн.
13. Уәкiлеттi орган сарапшыға (сарапшыларға) сараптамаға жататын объектiнi және сарапшыға (сарапшыларға) қойылған сұрақтар тiзбесiн жолдайды.
14. Сараптама Уәкiлеттi органға сараптама объектiсi келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi.
15. Сараптаманы жүргiзу үшiн сарапшының (сарапшылардың)қосымша материалдар мен ақпараттарды зерделеуi қажет болған жағдайда, сараптаманы жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкiн. Уәкiлеттi орган мұндай шешiм қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде сұрау салумен жүгiнген тарапқа жазбаша хабарлайды.
16. Уәкiлеттi орган мүдделi дiни бiрлестiктерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктерге сұрау салулар жiберу арқылы сарапшыға (сарапшыларға) қосымша материалдар мен ақпараттар алуға жәрдем көрсетедi. Халықаралық ұйымдарға тиiстi сұрау салулар Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы жолданады.
17. Уәкiлеттi орган тұрақты ақпараттық қор қалыптастыру мақсатында сараптама объектiсiнiң бiр данасын өзiнде қалдырады.
18. Сараптама жүргiзу барысында сарапшы (сарапшылар):
1) Уәкiлеттi орган қойған сұрақтар бойынша дәлелдi, ғылыми негiздi, объективтi және толық сараптама қорытындысын дайындайды;
2) сараптама жүргiзу үшiн ұсынылған сараптама объектiсi, материалдар мен ақпараттар туралы мәлiметтердi жария етпейдi, сондай-ақ оларға жария баға беруден тартынады;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын және әдеп қағидаларын қатаң сақтайды.
19. Сараптама жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ оны жүргiзуге кедергi келтiретiн жағдайлар туындаған кезде, сарапшы (сарапшылар) бұл туралы Уәкiлеттi органға мұндай жағдайлар анықталған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша хабарлайды.
20. Сараптама қорытындысында мыналар көрсетiледi:
1) сараптама жүргiзген ұйым немесе тұлға;
2) сарапшының құзыреттiлiгiн (мамандығы, ғылыми дәрежесi) көрсететiн деректер;
3) сараптама объектiсiнiң дiни бағыты;
4) сараптама объектiсiнiң атауы (әдебиет авторы, баспа, шыққан жылы);
5) сараптама объектiсiнiң саны (дана есебiмен), көлемi (бет саны), тiлi;
6) қойылған сұрақтардың негiзделген және толық жауаптары.
Сараптама қорытындысында сараптама объектiсi бойынша қосымша мәлiметтер көрсетiлуi мүмкiн.
Сараптама қорытындысы сараптама объектiсiнiң Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратылуға ұсынылатыны немесе ұсынылмайтыны көрсетiлетiн сарапшының тұжырымын қамтиды.
Егер дiнтану сараптамасының объектiсi дiни бiрлестiктердiң мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) кезiнде ұсынған құрылтай құжаттары болып табылса, онда сараптама қорытындысында сарапшы құрылтай құжаттары деректерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетiнiн немесе сәйкес келмейтiнiн көрсетедi.
21. Сараптама қорытындысы сараптама жүргiзген ұйымның фирмалық бланкiсiнде дайындалады. Сараптаманы жеке тұлға жүргiзген жағдайда, қорытындыда сарапшының қолы қойылуы тиiс.
22. Дiни бiрлестiк ұсынған құжаттарға сараптама жүргiзу кезiнде дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмiне үзiлiс жасалады.
23. Миссионерлер ұсынған материалдарға сараптама жүргiзу кезiнде миссионерлердi тiркеу мерзiмi тоқтатыла тұрады.
24. Қылмыстық, азаматтық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша сараптаманы тағайындау ерекшелiктерi тиiстi заңнамалық актiлермен реттеледi.
25. Сараптама қорытындылары ұсыныстық сипатқа ие болады.
26. Сараптама нәтижелерi Уәкiлеттi органның ресми сайтында жариялануы тиiс.
7. Қорытынды ережелер
27. Сараптама қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеуге (қайта тiркеуге) қатысты тиiстi шешiм қабылдайды.
28. Уәкiлеттi орган (оның аумақтық бөлiмшелерi) сараптама қорытындысының негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды миссионер ретiнде тiркеуге (қайта тiркеуге) қатысты шешiмдi қабылдайды.
29. Сараптаманы жүргiзудi қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына және мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.