Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Дінтану» мамандығы бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін мемлекеттік тапсырыс жыл сайын ұлғаюда. Соңғы төрт жыл ішінде «Дінтану» мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыстың көлемі 22 грантқа дейін ұлғайтылып, 2014-2015 оқу жылында мемлекеттік тапсырыстың көлемі 82 грантты құрады Жоғары білім саласында барлық мамандықтарға арналған жаңартылған «Дінтану» бағдарламасы әзірленген. Осы бағдарламада студенттердің кикілжің жағдайда тиімді әрекет етуіне, дінтанушының кәсіби қызметімен байланысты діни лаңкестікке қарсы иммунитеттің қалыптасуына әсер ететін негіздері қарастырылған.
2014 жылы аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып, мақұлданды.
Осы бағдарлама бойынша игерілген білімдер дінтанушының құзыретін арттыруға, олардың жанжалға қарсы тұрақтылығын қалыптастыруға, сонымен бірге жастар ортасында адамның құқықтары мен бостандықтарын қадірлеу принциптеріне, этносаралық және конфессияаралық бейбіт пен келісімге құштарлыққа, диалог жасауға дайын болуына негізделген этномәдени өзара құрметтеудің дүниетанымын және рухани-адамгершілік атмосфераның қалыптасуына ықпал етеді деп қарастырылған. Дінтану пәнін оқыту кезінде дәстүр мен діннің өзара байланысына ерекше назар аударылады.
Сонымен «Дінтану» пәні шеңберінде студенттер бұрын қарастырылмаған «Ғылыми таным жүйесіндегі дінтану», «Дін: тарихи формалары мен қазіргі заман», «Исламның мәні және қазіргі заман мен Қазақстандағы оның орны», «Қазіргі жаңа діни қозғалыстар мен культтер», «Қазіргі діндарлық ерекшеліктері», «Дін, мемлекет, саясат» сияқты жаңа тақырыптар бойынша білім алуда.