Ахмад ибн Ханбал мен Яхия ибн Муғиннің арасында ұзақ уақыт достық қарым-қатынас болады.

Бір күні Ахмад ибн Ханбал Яхия ибн Муғиннің: «Мен ешкімнен ешнәрсе сұрамаймын. Алайда, шайтан берсе де, жей берем» деген сөзін естіп, онымен достығын үзеді. Соңында Яхия кешірім сұрап:

– Ойнап айтқан едім, – дейді. Сонда Имам Ахмад:

– Дінмен ойнадың ба? Әлде ішіп-жеудің діннен екенін білмеуші ме едің?! Алла Тағала тамақ жеу мәселесін ізгі амал жасаудан бұрын айтып: «Адал, таза ризықтардан жеп, ізгі амал жасаңдар» деген емес пе? – дейді.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Пікір жазу