Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 27 қазан күні Маңғыстау өнер колледжі студенттерінің қатысуымен “Діни радикализмнің алдын алу” тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуді облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог Жайшылықов Дәуіт жүргізді.
Іс-шара барысында әлеуметтік желілердегі теріс ағымдар, тыйым салынған уағызшылар бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.
Маманның айтуынша, діни шиеленіс қоғам үшін қауіп төндіретін, азаматтардың денсаулығына, психикалық және әлеуметтік жағдайына нұқсан келтіретін, өздерінің діни қалауы мен көзқарасын мемлекеттің зайырлылық қағидаттарына және дәстүрлі рухани құндылықтарға қарсы қоятын, Қазақстан үшін жат құндылықтарды таратушы деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларға тән.
Одан кейін қоғамда түрлі қарама-қайшылықтар пайда болып, жік-жікке бөлініп, еліміздің діни тұрақтылығына әсер етелді. Әрине, құзырлы органдар тарапынан көптеген күдікті сілтемелер бұғатталып жатыр. Алайда, соған қарамастан ата-аналар да өздерінің жауапкершіліктерін сезініп, балаларын бақылауда ұстаған дұрыс.
Діни радикалдану – қоғам, мәдениет, ғылым-білім мен өнерден ажыраған кезде бірден пайда болатын құбылыс екені жеткізілді.