Армысыз, Алима!
Өкінішке қарай, сұрағыңыздың мәтінінен қай жерден хабарласқаныңызды біле алмай отырмын.
Бізде психологиялық және теологиялық көмек беретін мамандар еліміздің барлық түкпірінде дерлік бар.
Егер сіз Астана қаласында тұратын болсаңыз, Бейбітшілік көшесі, 43-үйде орналасқан біздің орталыққа тікелей келгеніңіз жөн болар еді. Өзіңізбен жүздесіп, тұрақты түрде жұмыс жүргізетін мамандармен таныстырар едік.
Ал еліміздің басқа өңірінде тұратын болсаңыз, Астана қаласындағы 8/7172/-76-72-70 номеріне (біздің орталық номері) қалалық телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймын. Мән-жайды анықтап, жергілікті мамандармен байланыстырып, қолдан келген көмекті беруге әрекет жасаймыз.