Нұр-Сұлтан. 14 қаңтар. KAZISLAM – Нұр-Сұлтан қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қыдырбек Әлқожаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында ерлі-зайыптылардың ажырасу себептерін атап өтті.  

Оның айтуынша, «Ерлі-зайыптылардың ажырасу себептері неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабының 2-тармағына сәйкес анықталады. Статистика көрсеткендей, Қазақстанда көбінесе ажырасудың негізгі себептерін: өзара түсіністік, байланыс және терең қарым-қатынастың болмауы; зорлық-зомбылықтың орын алуы: өзімшілдік; өз қателіктерін мойындауға қабілетсіздігі: ерлі-зайыптылардың біреуінде отбасылық құндылықтардың болмауы; әлеуметтік-экономикалық проблемалардың орын алуы және діни көзқарастың қайшылығы сияқты мәселелер көрсетіп отыр. Сол арқылы отбасының емес, кейде адамдардың жеке басының мүдделері алға шығып жатады» — деді Қыдырбек Әлқожаев.

Пікір жазу