«Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбындағы кездесу

    129

    Шараны «Ақпараттық-талдау орталығының» маманы А. Уразов ашып, оқушыларға діни экстремизмнің адамдар арасына іріткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашатынын түсіндірді. Қазақтың болмысына жат ағымдарға қазірден тосқауыл қойылмаса бірлікке сызат түсіретінін нықтаған ұйымдастырушы тарап жастарды барынша абай болуға шақырды. Бұл туралы «centre-ato.kz» хабарлады. 

    Осы ретте, облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Б. Шамұрат жастарды жат діни ағымдардан сақ болуға, халқымыздың діни ұстанымы мен салт-дәстүрлерін қастерлеуге, отансүйгіштікке шақырса, «Әттақуа»  мешітінің наиб имамы Р. Жалелов ислам адамзат баласының бақытты, бейбіт өмір сүруін қалайтынын айтып, оқушылар тарапынан қойылған діни мейрамдардан өзге мейрамдарды тойлау, мұсылмандардың өмір салты туралы сұрақтарға толыққанды жауап берді. Шара соңында жиын қатысушыларының назарына «Ақпараттық-талдау орталығының» тапсырысымен түсірілген «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бағытындағы өзекті мәселелер» атты бейнефильм ұсынылды. 

    Пікір жазу