Экстремистік ұйымдар мен діни секталар қатарына негізінен өмірде қиыншылықтарға ұшыраған адамдар кіреді. «Осындай жағдайда олар саған тез көмектесе кетеді, тіптен материалдық көмек береді. Бұдан кейін саған қоршаған орта, қоғам дұрыс құрылмағанын, Құдайдың заңына қарсы екенін түсіндіре бастайды. Бұл процесс бірнеше айға жалғасады. Барлық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп болғаннан кейін қолға қару алып, әділетсіздікке қарсы қатаң күресуге бұйрық береді» дейді С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті Ғылыми-зерттеу орталығы қызметкері Елена Савчук.

Пікір жазу